Бибі ана Сеилқызы

Mен зейнеткер, тыл еңбек ардагері ардақты ана – Бибі Сеилқызы, 2011 жылы Жас-Ай орталығынан шығатын журналды оқып отырып, өзімнің ауруыма ем іздеп, екі қызым мен немерем және сіңлімнің қызы бәріміз келіп ем қабылдадық. Жасан Зекейұлы өзі қабылдап, ыстық ықыласпен қарсы алып, тамыр ұстап, ашық жүзімен көптеген ем берді.

   Аяғым қатты ауырып, белімді жаза алмаймын, қолымда таяғым бар еді. 10 күн уқалау, белді созу, ине салу, оны түрлі шөппен қыздыру т.б. ем түрлерін қабылдадым.

   Сол жылдың күзінде қасыма қызымды ертіп тағы келдім. Екеуіміз де таныстарымыздың үйінде жатып ем қабылдадық. 2012 жылы тағы екі рет келдім. 2015 жылы екі рет, 2016 жылы осы келгенімді қосқанда екі рет келдім. Барлығы 8 курс ем алдым.

   Ұл қыздарым, келіндерім, немерелерім бәрі, яғни, отбасымызбен келіп ем қабылдадық. Биыл шілдеде ұл, қыз, немерелерім жиыны: он адам келіп ем алып қайттық. Бәрі Жасан Зекейұлына рахметін айтып, сауығып қайтып жатыр. Бұл орталықтың дәрігері, мейірбикелеріөте тартымды, жұмсақ мінезімен күліп қарсы алады. Келерден бұрын алдын ала хабарлап қоямыз.

   Биыл таныстардың үйіне бармай-ақ, осы орталықта жатып ем қабылдадым. Әрі таза, жарық жатын бөлмелері, дәмханасы да жинақы, сіңімді тағамдармен қоректендіріп жатыр. Қабылдаған еміміз де бойымызға жақсы дарыды. «Жас-Ай» орталығынан шығатын журналды, кітаптарын да жібермей  оқимын.

   Алған еміме толық сенемін, сондықтан осы ұйымға, профессор Жасан Зекейұлына, дәрігер Бибігүл, Бибісараға, мейірбике Айгерімге, тазалағыш Тынышкүлге көп алғыс айта отырып, оларға мол бақыт, байлық, денсаулық, отбасыларына әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін.

    Бастарыңызға бақ қарасып, Қыдыр дарысын.

    Бірінші байлық - денсаулық болған соң, балаларымның бәрін демалыстарында ертіп келіп жүрмін. Жағдайы келмеген балаларыма осы жерден дәрі сатып алып барамын, өйткені дәрісі-емдік шөптер,химия емес. Денені қышытпайды, аллергиялық кері әсері жоқ, тез сіңеді.

Жасан балам, емің қабыл болсын, даңқың арта берсін, халық қаһарманы бол!