Арыстанбек Мухамедиулы

Сізді ердің жасы - елуге толған мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз арғы беттен елім, жерім деп келген арманы асқақ азаматтардың бірісіз. Олай дейтінім, Ата жұртқа аяқ басқаннан бері жүрегіңіз тек елдің елдігі, жұрттың денсаулығы деп соқты. Жанына шипа іздеген қаншама сырқаттың көзіне үміт ұшқының ұялатып, жаны жаралы, көңілі қаралы, жоқ-жітік, мүгедектерге үнемі қолұшын беріп келесіз. Оның сыртында түрлі қайырымдылық шаралардың бас демеушісі болып жүргеніңізді де жұрт жақсы біледі. Ең бастысы екі үлкен қала - Алматы мен Астанадан "Жаса-Ай" медициналық орталығын ашып, 150-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырсыз. "Текті елдің ұрпағы теклігін танытпай қоймады" деген емес пе бабаларымыз. Сіздің атқарып жатқан істеріңіз халыққа демеу, ұрпаққа үлгі! Ел ішіндегі ғана емес, халықаралық дәрежедегі марапаттарыңыз табан ет, маңдай теріңіздің айғағы.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын өзек ете, оны жұртқа дәріптеу мақсатында өткізгелі отырған "Рух жаңғырығы" атты халықаралық ақындар айтысы Президентіміздің үндеуіне қосқан үлкен жәрдеміңіз деп білемін.

Елу - елгезек жас. Бергеніңізден береріңіз көп болсын! Алда талай асуларды бағындырады деген сенімдемін!

Құрметті Жасан Зекейұлы, әлемнің үздік клиникасы атанған халықаралық "Жас-Ай" медициналық орталығы жыл сайын жаңарып, күн сайын жасара берсін!

Ұжымыңызға кәсіби біліктілік, береке-бірлік, отбасыңызға амандық-саулық, жарасымдылық, өзіңізге мықты денсаулық тілеймін!