Инемен емдеу


Инемен емдеу (акупунктура, ине терапиясы, инерефлексотерапия)дене үстіндегі айрықша нүктелерге арнайы инелер қоюға негізделген ағзаның қуат жүйесін реттейтін бір ең тиімді амалдардың бірі, осының нәтижесінде зат алмасу процесі қалпына келеді, организмның қорғаныс қабілеті жетіледі және инфекцияға деген қарсылық тұрақтанады, вегетативтік –эндокриндік функция қалпында болады, ағзадағы ішкі табиғи тепе-теңдік қалпына келеді.

Шығыс медицинасының негізгі емдеу амалы- ине терапиясы. Ол бағзы заманнан бері және бүгін де қолданыста. Аурудың түріне орай биологиялық белсенді нүктелерге ине қойылады. Адам денесіндегі бұл айрықша нүктелер арқылы қуат арналары (меридиандар) өтеді. Терінің жоғары қабатына ине қою зақымдалған жасушалар мен тіндерден биологиялық белсенді заттардың босатылуын белсенділендіреді. Дәл осы заттар организмге дем береді және жасушалардың бөлінуі және қалпына келу процесін белсенділендіреді, тіндерге оттегінің енуін жақсартады және ағзаның ауруларға деген қарсылығын күшейтеді. Электр зарядының импульстерімен биологиялық белсенді нүктелерді тітіркендіру амалы қолданылады. Сондай-ақ күйдіру, қыздыру,биологиялық белсенді нүктелерге қысым көрсетіледі, заттар тітіркендіріледі және басқа да әрекеттер жүзеге асырылады. Әдетте емдеудің бірінші кезеңін тітіркендіру мерзімі екі рет 30 және 60 минут құрайды. Үзіліс 4 сағатқа созылады. Осы мерзім бойы белсенділендіретін жаттығулар жасау керек болады. Ине терапиясы- химиялық зақым келтірмейтін және организмді жасуша деңгейінде емдейтін механикалық табиғи амал. Шығыс-Тибет медицинасының тәсілдері ине терапиясымен бірге  батыс медицинасында да кеңінен қолданылып жүр.

Ата кетелік:

«Жас-Ай» медициналық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының докторы,  профессор, академик Жасан Зекейұлы көптеген байқау, тексерулерден өткізіп мыңдаған науқастарды ауруларынан айықтырды, пациенттердің емдеу практикасына үдемелі терапияның жаңа жүйесін енгізді. Денеге инелерді дәлме-дәл дұрыс қою тәннің қайыру әсерін (  рефлексияны) қалпына келтірді және қан айналысын, зат алмасу процесін жақсартады.