Жастар мен жасөспірімдердің суицид статистикасы


Бүкіл дүние жүзін алаңдататын жайттардың бірі жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицид. Соңғы бес жылда 15-19 жас арасындағы суицид 7%-ға өскен. Ал статистикалық мәліметерге жүгінсек қазіргі таңда 2/3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады екен. Депрессияға ұшыраған адам өзін ешкімге керегі жоқтай сезінеді, сонымен қатар оларда жалғыздық сезім пайда болады. Бұл өз өмірімен қош айтысуға итермелейді. Тығырықтан шығудың жолы осы деп шешеді. Бүгінгі қоғамда баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар бар. Олардың арасында әлем дабыл қаққан жасөспірімдер арасында көбейіп бара жатқан суицид проблемасы. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең  психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі. Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары  бұл  алдымен оның отбасы және оқу орны. Кез-келген жасөспірім де, ересек адам да сәтсіздікке, қиын жағдайларға ұшырап жатады. Оған біз төзе білуіміз қажет. Өзіне-өзі қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынышсыздығынан туындайды.

Суицидтің ең жоғары жиілігі 15-24 жас аралығында тіркелген. Бұл кезеңде адам қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз, психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі. Жасөспірім кезеңдегі суицидті мінез-құлықтың мәні – көмекке шақыру, өзінің жеке қиындықтарына, проблемаларына қоршаған ортадағы адамдардың назарын аудартуға тырысу. Жасөспірімдерде өлім туралы түсінік қалыптаспайды, олар оның мәнін түсінбейді. 

Суицидтің ресми статистикасы мен оның нақты сандары арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар (мөлшермен 4 есе), себебі онда суицидтің нақты жағдайлары ғана тіркеледі. Сот сарапшыларының пікірінше «бақытсыз жағдайлардан болған өлімдердің» басым бөлігінің себебі (дәрі-дәрмекті мөлшерден тыс қолдану, автокөлік апаты, биіктен құлау, т.б.) шын мәнінде өз-өзіне қол жұмсау болып табылады. Сонымен қатар әртүрлі есептер бойынша аяқталған өзін-өзі өлтіруден қарағанда саны 10-20 есе көп суицидтің сәтсіз аяқталған талпыныстарын ешкім де тіркемейді. Өз-өзін өлтіруге тырысып, тірі қалған төрт адамның ішіндегі бірі ғана кәсіби денсаулық сақтау жүйесіне тап болады екен.

ДДҰ өз-өзіне қол жұмсаудың 800 себебін тіркеген. Солардың ішінде:
41%-ы – белгісіз, 19%-ы – жазалау алдындағы қорқыныш, 18%-ы – жан азабы,
18%-ы – үйдегі ұрыс-керіс, 6%-ы – құштарлық, 3%-ы – ақша шығыны, 1,4%-ы – өмірге асыра қаныққан, 1,2%-ы – тән аурулары.

 

 Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері

• Мектепке дейінгі жастағы балаларға өлім туралы ойлану тән емес, алайда бұл тақырып олардың назарынан тыс қалмайды (ертегілер, өмірдегі оқиғалар).
• 5 жасқа дейінгі балалардың суицидтік мінез-құлығы өте сирек кездесетін жайт.
• Төмен сыныптардағы оқушылар арасында, негізінен 9 жастан кейін суицидтік қателік орын алған. Ең төменгі жас шамасына жалпы балалар суицидінің тек 2,5%-ы ғана тура келеді. Балалардың суицидтік мінез-құлқының ауыр психикалық ауруға немесе реактивтік торығуға байланысы сирек болады. Жағдайлардың басым көпшілігінде ситуацияға қарай жауап әрекеті, көбінесе наразылық әрекеті орын алған. Орын алған жағдайлардың 80%-ы отбасындағы шиеленістерден туындаған.  

• 10-12 жастағы балалар өлімді уақытша құбылыс деп түсінеді. Өмір мен өлім ұғымдары ажыратылады, алайда өлімге деген эмоциялық көзқарасы өз тұлғасынан абстракцияланады. Өз өліміне басқалардың жауапты әрекетін көруге ұмтылыс немесе «екінші рет тууға» деген
үміт балалар мен жасөспірімдер арасындағы суициденттерге тән. Өлім
туралы ойлар балалық шақ бойы бірнеше кезеңнен өтеді: бала санасында өлім туралы түсініктің мүлдем болмауынан ол туралы өмірден кетудің атрибуттары қосылған (траур, жерлеу, т.б. түсініктер) формалдық білім алуға дейін.

• Жасөспірімдің жас шамасының түрлі кезеңдерінде (ерте – 12-14 жас, орта – 15-16 жас, жоғары – 17-18 жас) девианттық мінез-құлықтың қалыптасуы мен көрініс алуының физиологияллық, психологиялық, тұлғалық
және жеке қасиеттеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері болады.
 

Балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсау себептері

 

Жасөспірім кезеңдегі өз-өзіне қол жұмсау әрекеті алдын ала жоспарланбайды. Жазалау қаупі төніп тұрған кезде өз-өзіне қол жұмсау
әрекеті алғашқы қолға түскен заттың көмегімен жүзеге асады. Осы топтағы жасөспірімдерде өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің ауыр медициналық салдары болмайды. Бұл – өлімге бас тігудің шынайы талпынысы емес, тек жанжалдан қашу, қиын жағдайдан құтылудың амалы.

• Өз-өзіне қол жұмсаудың жалпы себебі тұлға мен оны қоршаған жақын ортаның өзара әрекеттесуі, бұзылуы, психикасын жаралайтын өткір жағдайлардың әсері. Алайда жасөспірімдер үшін
бұл жан-жақты бұзушылықтан бұрын жақындарымен, отбасымен
қарым-қатынастың бұзылуы болып табылады.

• Ата-аналардың ішімдікке салынуы және психикалық жағдайының нашарлығы;
• ата-аналары мен туысқандарының өз-өзіне қол жұмсауы;
• жетімдік;
• Толық емес отбасы;
• тәрбиесіздік – авторитарлық, үлкен кісілерді сөзсіз тыңдау, тыйым салу, қатыгез қарым-қатынас, жеткіліксіз немесе шамадан тыс қамқорлық;
• Психикалық жарақаттар – мектептегі және басқа ортадағы;
• Қатарластары арасында беделінің жойылуы;
• Психобелсенді заттарды пайдалану;
• Туа біткен физикалық кемшіліктер және осыған байланысты қамығу;
• Туа біткен психикалық аурулар (ақыл-ой кемістігі, эпилепсия, шизофрения, және т.б.).
• Ересектер тарапынан шынайы тілектестіктің болмауы
• Жалпы өмір ағымының шапшаң өзгеруі, ертеңгі күнге деген сенімсіздік, өмірдің мәнін жоғалту
• Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық
• Ата-аналардың ішімдікке және нашақорлыққа салынуы
• Жасөспірімге қатыгез қарым-қатынас, психологиялық, физикалық
және сексуалды зорлық
• Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық және маскүнемдік
• адамгершілік, этикалық құндылықтардың болмауы
• Өз-өзін төмен бағалау, өз-өзін анықтаудағы қиындықтар
• Эмоционалды және интеллектуалды өмірінің жұтаңдығы
• Жауапсыз махаббат
 

Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы хабар беретін белгілер:

Эмоционалды: дәрменсіздік, күдер үзу, елеусіздік сезімі. Қайғыру, торығу (көңіл-күйінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы). Жеңілу, сәтсіздікке ұшырау, өзін кінәлі сезіну. Шамадан тыс қорқыныш пен уайым. Өзінің сыртқы түріне қалай болса, солай қарау. Жалғыздық, ешкімге керек болмау сезімдері.
Күнделікті ортада уақыт өткізгенде, бұрын қуаныш сыйлайтын жұмысты
орындау барысында ішінің пысуы. Өлім туралы ойлану. Болашаққа
жоспарының болмауы. Түкке тұрғысыз нәрселерге ашулану.
Ауызша: өз-өзін кінәлау. Өзінің дәрменсіздігі, өмірмен қош айтысқысы келетіндігін айту. Қоштасу. Нақты өз-өзіне қол жұмсау жоспары туралы хабарлама.
Өз-өзіне қол жұмсайтын адамдардың 80%-ы өз ниеттері туралы қоршаған ортаға белгі береді. Бұл ретте ақпаратты беру жолдары ұзақ, әртүрлі болуы мүмкін.

Өз-өзіне қол жұмсаған әрбір адамның айналасында орта есеппен алғанда оның өлімі ауыр жан жарақаты болып қалған 6 адам бар.

Қоғамдағы ең қымбат қазына – адам. Адам өмірін сақтау және оны қорғау мемелекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта суицид мәселесін қоғамда, әсіресе жеткіншектер арасында болдырмауға барынша күш салуымыз керек.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың негізгі себептері мен салдарларын теориялық тұрғыдан зерттеп, прфилактикалық іс-шараларды жүргізіп, осы мәселемен айналысатын маман кадрларды дайындау қоғамдағы объективті қажеттілік.

 

Ж. Иманқұл