"Жас-Ай" Еуропа медицина қауымдастығына мүше болды


 Лондон қаласында Еуропа медициналық қауымдастығының ұйымдастыруымен «Acute and General Medicine» тақырыбында Халықаралық медициналық конференциясы өтіп жатыр. Көрмеген әлемнің әр елінен 4000-ға жуық адам қатысып отыр.

​Конференция қатысушыларына жоғары білікті, өз саласында сарапшы болып табылатын спикерлердің тұсаукесерлері ұсынылады және әр елдерден келген әріптестердің өзара қарым –қатынас жасауына, озық тәжірбиелерімен бөлісуіне мүмкіндік беріп отыр.

​Конференция барысында Еуропа медициналық қауымдастығының президенті Винченцо Костиглиоло мырза мен «Жас-Ай» Халықаралық медициналық орталығының бас директоры, профессор, академик Жасан Зекейұлы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

​Меморандум мақсаты – медицина, денсаулық сақтау салаларын, әсіресе азаматтарға қолжетімді медициналық жәрдем беріп, қызмет етуге, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған денсаулық сақтау ісін жетілдіру болып табылады. 

​Конференция қорытындысы бойынша Еуропа медициналық қауымдастығының шешімімен профессор Жасан Зекейұлы Еуропа медициналық қауымдастығының Қазақстандағы ресми өкілі болып тағайындалды.

Жасан Зекейұлы осыдан бұрын да әлемнің ең дамыған елдерінде іс сапарда болып, айталық Вена, Швейцария, Бостон, Токио, Пекин, Дубай, Сеул, Малазия қатарлы елдерде қазақтың дәстүрлі медицинасын, Әл-Фараби, Ибн Сина және Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабаларымыздың емдеу тәсілдерін таныстырып, зиянсыз эко емнің пайдалы жақтарын дәлелдеп, бабалар емін жалғастырушы ретінде көптен ғылыми баяндамалар жасап қайтқан болатын