1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай «Жас-Ай» Халықаралық медицина орталығының Бас директоры м.ғ.д. профессор, академик, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін » медалінің, Халықаралық «Сократ» орденінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының «Құрмет белгісі» орденінің иегері Жасан Зекейұлының «Милосердие оставляет следы», «Елдік пен ерлік», «Бел омыртқа ауруларының диагнозы және тиімді емдеу жолдары», «Бел омыртқа аурулары», «Еуропа медицина қауымдастығының» (Брюссель, Бельгия) және «Еуропа бизнес академиясының» (Ұлыбритания) «Жас-Ай» Халықаралық медицина орталығы қызметіне арнап шығарған «Сократ альманахы» журналының тұсаукесер рәсімі өтеді. Іс-шара ҚР қоғам қайраткерлері, мәдениет пен медицина саласының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Жасан Зекейұлы жақында WORLD CONFEDERATION OF BUSINESSES (WORLDCOB) компаниясының шақыруымен Гонконгте өткен Әлемдік бизнес әлемі майталмандарының семинарының жұмысына қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп қайтты, «Жас-Ай» Халықаралық медицина орталығы Гонконгтен айтулы табыспен оралды. Атап айтқанда, бизнесте қол жеткізген табысы үшін WORLDCOB компаниясының атынан күміс мүсіншеге (статуэтка) ие болды. 21-22 қараша күндері Лондон қаласында Еуропа медициналық қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Acute and General Medicine» атты Халықаралық конференциясына қатысып, Еуропа медициналық қауымдастығының толық мүшесі әрі Еуропа медициналық қауымдастығының Қазақстандағы ресми өкілі болып тағайындалды.
2004 жылы ашылған жеке медицина орталығында 90 000-нан астам науқасты емдеген. Бүгінде «Жас-Ай» медицина орталығы Алматыда, филиалдары Астанада және Шымкентте өз қызметін табысты атқарып келеді.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы. Астана қаласы, Достық к-сі, 11
Уақыты: 30 қараша, сағат 11:00
Байланыс телефоны: 87770522121 Гүлден