СУСАМЫРДАН САҚТАНЫҢЫЗ!


Қазіргі таңдағы медицина тілінде «қант диабеті» аталып жүрген ауру қазақ даласында бұрын «сусамыр» атауымен белгілі. Дегенмен көшпенді өмір салтын ұстанған халқымызда бұл ауру сирек кездескен. Себебі ол заманда қант диабетін тудыратын қанттан бастап өзге де тәттілер болмаған. Сондай-ақ, сусамырды тудыратын қазіргі таңдағыдай күйзелістік жағдай да өте аз болған. Ал қазіргі таңда қант диабетіне шалдыққандардың қатары жыл өткен сайын артып келеді.  

Мәселен, ҚР Ден­саулық сақтау ми­н­и­­стрлігінің мәліметінше 2017 жылы елімізде 307 824 адам ресми түрде осы аурумен тіркелген. Ал тіркелмегендері қанша? Себебі көбісі дәрігерге ауруы асқынып, жанына батқанда ғана баратыны анық. Мұны министрлік те растап отыр. Осы қант диабетімен тіркелгендердің 90% аурудың 2-сатысына өтіп кеткендер екен. Дәрігерлер ауру 1-сатысында анықталса оны инсулинге тәуелді етпей, емдеп жазуға болатынын да айтуда. Ең өкініштісі, ресми тіркелгендердің көпшілігін 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірмдер құрайды. Бұл дегеніңіз қант диабетіне шалдыққан адамның өмір бойы инсулиннен өзге де дәрілерге байланатынын көрсетеді. 
Енді 2018 жылғы деректерге назар аударайық. Ұлттық қант диабеті регистрінің мәліметінше, жыл басында еліміз бойынша қант диабеті диагнозымен есепте тұрғандар саны 309000 жеткен. Екінші типтегі диабетке шалдыққандардың 65 пайызы – әйелдер. Сусамырға шалдыққан отандастарымыздың 6000-ға жуығы катарактадан зардап шексе, 3000-ы инфаркт алған. Қант диабеті асқынуы салдарынан 1000 адамның аяғы немесе қолы кесілген. 
Елімізде қант диабеті тегін емделетін аурулар қатапрына жатады. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде диабетке шалдыққан пациенттерге 48 түрлі дәрі мен медицина бұйымдары беріледі. Оның ішінде шприц, тест-жолақша, глюкометр, инсулин помпалары мен 22 түрлі инсулин де бар. 
Жалпы бұл жағдай біздің елде ғана емес, әлем эндокринологтарын алаңдатуда. 
Мысалы, Дүниежүзілік де­н­­саулық сақтау ұйым­ының мәліметіне қар­а­ғанда, әлемде әр 500-сәби мен әр 200-жасөспірім сусамырға шалдыққан. 1985 жылы әлемде қант диабетіне шалдыққан 30 миллион адам болса, 2000 жылы 150 миллионға жеткен. Егер осылай жалғаса берсе, 2030 жылы әлемдегі қант диабетіне шалдыққандардың саны 435 миллионға жетеді деп жоспарлануда. Эндокринолог дәрігерлер аутоиммунды аурулардың тобына кіретін сусамырға ұрынудың бірнеше себебін анықтаған. Біріншісі – тұқымқуалаушылық болса, екіншісі – сәби күніндегі аурушаңдығы, жұқпалы дерттерге жиі ұшырап, ауруға қарсы тұрар иммундық жүйесінің бұзылуы, үшіншісі – ұйқы безінің жұмысы тоқырап, ағзаға инсулин бөлуін тоқтатуы, төртіншісі – қазіргі таңдағы ушыққан экологиялық жағдай, бесіншісі – күйзеліске ұрыну. 
Қоғамға қатер төндіріп отырған аурудың белгілері мен емдеу тәсілдері қандай? 

Қант диабетінің белгілері

Сусамырдың алғашқы белгілері байқалғанда бала қайта-қайта шөлдеп, аузы құрғап, түнде зәрі тоқтамай, кіші дәретінде қант мөлшері артып, тамаққа тәбеті артады. Егер бала туғаннан осы аурумен ауырса жөргегі крахмалданғандай қаудырлап тұрады. Сонымен қатар қант диабетімен ауыратын балалардың терісінде сыздауықтың шығуы, терінің қышынуы және тез қажалып қалуы байқалады. Баласынан мұндай белгілерді байқаған ата-ана бірден қантын тексертіп, эндакринолог-дәрігерге көрсетуі тиіс. 
 Сонымен қант диабетінің баларда байқалатын алғашқы белгілеріне мыналарды жатқызамыз:
1- Үнемі шөлдеп, су немесе өзге де шөл қандыратын сұйықтықты ішкісі келіп тұруы;
2- Кіші дәреті жиілеп, көп болуы;
3- Қол-аяғы ұйып, жансыздануы;
4- Тез шаршап, сүле-сапа болуы;
5- Қарны тез ашып, тойым­сыздықтың пайда болуы;
6- Салмағының күрт артуы немесе азаюы. 
Қант диабетінің екі­нші деңгейлі белгілері жасы 20-дан асқан және одан да үлкен адамдарда төмендегіше білінеді:

Қант диабетінің екі­нші деңгейлі белгілері

1- Терінің қышуы;
2- Үнемі шөлдеп, су немесе өзге де шөл қандыратын сұйықтықты ішкісі келіп тұруы;
3- Көздің көру қабілетінің нашарлауы;

4- Жыныс қынабының жиі жұқпалы ауруға ұрынуы;
5- Денеге жазылмайтын созылмалы жара шығуы;
6- Ағзаға инсулин жетіспей, ауру асқынғанда естен тануы.
Осы белгілер байқалған науқас бірден эндокринолог-дәрігерге көрініп, инсулин немесе одан өзге де дәрілер қабылдауы қажет. Диета сақтап, эндакринолог бекіткен тағамдарды ғана тұтынуы тиіс. Дұрыс күтінбеген жағдайда ауруы асқынып, жүрек талмасы немесе басқа да ауруларға ұласуы мүмкін.

Қант диабетімен ауратындардың диетасы

Эндакринолог-дәрігерлер сусамырмен ауыратын толық адамдардың  алдымен артық салмақтан арылуы қажеттігін ескертеді. Одан соң қант, конфет және өзге де тәттілерді тұтынбауы тиіс. Сонымен қатар диабетшілер адам ағзасында қант түзілетін тағамдардан бас тартқаны жөн. Керісінше ұннан пісірілген нан, крахмал қоспалы асбұршақ, күріш, картоп және басқа да құрамында ақуызы бар тағамдарды тұтынғаны дұрыс. Қандай тамақты болсын көп жемей, аз мөлшерде жиірек тамақтану режиміне көшу қажет. Сондай-ақ, тынығу, ұйықтау, жұмыс істеу ережелерін жүйелеп, соны бұзбағаны жөн. Сонда ауруды асқындырмай, сау адамдар секілді ұзақ жасау мүмкіндігіне ие болады.
 Қорыта айтқанда, қант диабетіне ұшыраған адам жазылмас ауруға ұрындым деп күйзеліске түспеуі қажет. Керісінше салауатты өмір салтын ұстанып, дәрігер кеңесін тыңдап, белгіленген ережелерді сақтағаны дұрыс. Сондықтан әр ата-ана баласының қант деңгейін 6 ай сайын тексертіп, 4,6-4,9 мөлшерінен асырмауы, бұдан сәл асса эндокринолог-дәрігерге баруы керек. 

Қалай емделуге болады?

Қант диабетінен заманауи медицина көмегімен емделудің жолдарын еліміздегі әр емханадағы эндокринолог-дәрігер әр науқасқа өз деңгейіне қарай белгілеп береді. Алайда ел арасында халықтық еммен емделіп, сусамырдан мүлде жазылған адамдар да бар. Сондықтан оқырмандар назарына ел ішінде қолданып жүрген кейбір халықтық ем-шараларды да ұсына кетуді жөн көрдік.
1-500 грамдық шөлмекке 4 түйір сарымсақты \чеснок\ 4-ке бөліп салып, үстіне 400 грамдай қайнаған суды аз толтырмай  құйамыз. Қақпағын мықтап жауып, шайқап-шайқап қойып қойамыз. Сарымсақ шырыны суға шығуы үшін арасында 2-3 рет араластырып қою керек. Суыған соң шырынды 50 грамнан аш қарынға және әр тамақтанардың алдында күніне 3 рет ішу керек. Балғын сарымсақтың шырыны қайнаған суға тез бөлінеді. Ал қысқа сақталған сарымсақты үккіштен өткізіп жіберсе де болады. Сарымсақ қандағы қант деңгейін төмендетеді, ағзадағы зиянды заттар мен токсиндерді сыртқа шығарады. Холестеринді ыдыратады, қан айналымын жақсартып, қан қысымын төмендетеді, рак тудыратын бактерияларды өлтіреді. Биологтар сарымсақтың құрамында 400-ден аса пайдалы заттар бар екенін дәлелдеген. Сондықтан диотолг-дәрігерлермен ақылдасып, әр адам сарымсақты тамаққа шикідей қосып тұтынып жүрсе көптеген аурулардың алдын алады.
2-    Қант диабетіне шалды­ққан адам күнде көкөністен дайындалған салат жеуді әдетке айналдырғаны жөн. Салатқа 1 шай қасық қыша немесе қыша майын араластырып, балғын жуа турап жесе пайдасы зор. 
3- Емен жаңғағының 10 түй­ірін алып, қабығынан тазартып, 500 грамдық шөлмекке 4-ке бөліп саласыз. Үстіне 35 градустық медициналық спирт құйып, қараңғы, салқындау жерге қояасыз. Шырыны спиртке толық бөліну үшін күніне 2-3 рет шайқап тұру қажет. 10 күн тұрған соң таңертең аш қарынға және әр тамақтанар алдында 20 минут бұрын 1 ас қасықтан ішу керек.
4-15 дана кептірілген лавр жапырағын суық сумен жуып, шыны ыдысқа салып, үстіне 400 грамм қайнаған су құйып бетін жауып қойыңыз. Суыған соң тұнбаны сүзіп алып, 50 грамнан аш қарынға және әр тамақтанар алдында 20 минут бұрын ішу керек.
5-5 дана көк пияздың бас­ын майдалап турайсыз. Оған 1 литр қайнған су құйып, тұндырып қоясыз. Суыған соң тұнбаны сүзіп алып, аш қарынға және әр тамақтанар алдында 50 грамнан қабылдайсыз. 
Ескерту: Бұл емнің барлығын эндокринолог-дәрігермен кеңесе отырып, әрі қант мөлшерін күн сайын тексере жүріп жүргізген дұрыс. Сонда қай емнің пайдасы көбірек болғанын анықтауға болады. Әр емді әсеріне қарай жалғастырып немесе тоқтатуды дәрігермен кеңесіп шешкен жөн.
Редакциядан: Халықаралық «Жас­-­Ай» мед­и­циналық орта­лығында сусамыр ауруынан және оның салдарларынан ине емі, дәрілік шөптер, диеталық тағамдар беру арқылы ем жүргізеді.

Айсана ӘДЕНОВА
инетерапевт
Нұрболат АБАЙҰЛЫ, 
журналист