ЖЕТІСТІК КӨЗІ - ЖАСАМПАЗДЫҚТА!


    Біздегі басты жаңалық енді Жасан Зекейұлы Еуроазиялық Мемлекеттер Одағының Құрметті азаматы!
   Халықаралық қоғамдық марапат және атақ бойынша ұйымдастыру Комитеті (Мəскеу, Россия) «Жас-Ай» медицина орталығы ЖШС-ның (Астана, Қазақстан) нәтижелі қызметін және осы орталықтың бас директоры Жасан Зекейұлының мемлекеттің,    Еуразиялық экономикалық Одағы мүшесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке елеулі үлесін жоғары бағалай отырып Жасан Зекейұлын «Еуроазиялық Мемлекеттер Одағының Құрметті азаматы» жоғары қоғамдық мойындау орденімен марапаттады.
    Марапаттау рәсімі Мəскеуде 2019 жылдың 17 наурызында «Президент-Отель мейманхана кешенінде» өтті (Мəскеу қаласы, Большая Якиманка көшесі, 24-үй).
    17 наурызда Халықаралық сауықтыру практикасы мамандарының қауымдастығы жəне «Жас-Ай» медицина орталығы ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға Халықаралық сауықтыру практикасы мамандары қауымдастығының атынан профессор Г. Жукова (Москва, Россия) және «Жас-Ай» медицина орталығы атынан профессор Жасан Зекейұлы қол қойды.
    Сонымен қатар дəл осы күні Халық медицинасы және сауықтыру практикасы мамандарының Ұлттық қауымдастығы (Москва, Россия, ХМСПМҚ) және «Жас-Ай» медицина орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға Халық медицинасы және сауықтыру практикасы мамандарының қауымдастығы атынан осы қауымдастықтың президенті В.В. Егоров және «Жас-Ай» медицина орталығы ЖШС-нің бас директор Жасан Зекейұлы қол қойды. Марапат құтты болсын!