Бүгін Ыстамбулдағы Хилтон қонақ үйінің үлкен залында 58 мемлекеттен келген 2500-дей делегат "ГРЭТ 2019 комплементарлы және дәстүрлі медициналық конгресс" атты құрылтайдың ашылу жиынына қатысты. Олардың ішінде халықаралық "Жас-Ай" медициналық орталығының бас директоры, профессор, академик Жасан Зекейұлы және "Жас-Айдың" Шымкент филиалындағы директоры Марат Өтемісұлы бар. Салтанатты жиналыста әр 100 адам сессияға бөлініп өз баяндамасын оқиды. Бүгінгі ашылу салтанаты БҰҰ-ның, Дүние жүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы Бас xатшысының тікелей арнау сөзімен басталды. Және оның өкілі келіп қатысты. Сондай-ақ, аталмыш жиынға Түркия президентінің жұбайы Әмина Ердоған, Денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Ыстамбул, 2019 жыл, 24 сәуір.