58 елдің медицина саласындағы 2500 маманының басын қосқан жиын Стамбұлда өтіп жатыр. Жасан Зекейұлы «Әлемдік дәстүрлі және комплементарлы медициналық конгресс – 2019» аталатын осы құрылтайға арнайы шақыртумен барды. Құрылтай Дүние жүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бас хатшысының сөзімен ашылған. Түркия Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған жиынға Түркияның бірінші ханымы Әмина Ердоған да қатысуда.
Қазіргі дәстүрлі медицина халық емшілігінен басталатыны басы ашық жайт. Бұл екі арнаны бір-біріне қарсы қоюға, бір-бірінен ажыратуға келмейді. Батыс қоғамы бұған шынымен көңіл аударып келе жатыр. Енді міне, Түрік елі де үлкен деңгейде бұл мәселені көтеріп отыр екен. Ал бізде халық емшілігі, табиғи ем десе тосырқап қалу кездеседі.
20 жылға жуық тәжірибе қалыптастырған «Жас-Ай» орталығы дәрігерлері қатып қалған стереотиптерді өзгертіп, табиғи емнің химиялық емнен артықшылықтарын науқастарға мойындата білді. Ине, дәрі шөп, ем массаж, емдәм, булау, қазақ халық емшілігі элементтері т.б. емдік шараларды жетілдіріп, алғаш елімізге ендіріп, оң нәтиже көрсетті. Қоғам қабылдады. Емді мойындады. Бұдан соң ине салушылар мен табиғи шөппен емдеушілер қатары көбейе бастады.
Осы арада көп сауал туындайтыны анық. Лицензия сатып алу жай мәселе. 2-3 ай курс оқып алып ине салушылар мен пәленбай жыл білім алып, сан жылдық тәжірибесі бар шын маманды салыстыруға келмейді, әрине. Ем алам деп барып, ауруына ауру жамап жатқандарды да естіп жатамыз. Табиғи, халық емін де шынайы өз білгірінен қабылдау әр науқасқа нәсіп болсын.
Құрылтайға Қазақ елінің атынан қатысып отырған «Жас-Ай» ұжымы, алға қойып отырған мақсаттарыңыз шетінен орындала берсін!
Жанна Иманқұлдың фейсбуктегі парақшасынана алынды