Ұлы дала емінің тарихы өте күрделі, қатпарлы, тереңде жатқан құнды қазына. Біз дәстүрлі комплементарлық медицина дегенді қалай түсінеміз, негізі дәстүрлі комплементарлық медицина әлемдегі барлық ұлттардың ғасырлар бойы жинаған ортақ қазынасы. Түрлі саяси, тарихи кезеңдерді бастан өткеріп Қазақ даласы түрлі этникалық ұлттардың ортақ мекеніне айналды. Бұл біріншіден тәуелсіздігіміздің, ұлт болып ұйысыуымыздың беделін асырса, екіншіден, осы дәстүрлі медицинаны әлем назарына ұсыну арқылы мұның дамуына өлшеусіз үлес қосқан үлкен қауымбыз. Онда осы негізді бізге қалап берген ата-бабаларымызды қалай ұмытпақпыз?! Әрісі Әбу Нәсір Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Синадан бастап, бертіндегі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз. Осы бабаларымыздың заманында қолданған алуан түрлі емдеу тәсілдері, олардың өр рухы бүгінгі әлем медицинасын бекемдеп жүр. Олардың өшпес еңбегін әр халық өзінің ұлттық қазынасына айналдырғаны шындық.
Басқасын айтпағанның өзінде, іргеміздегі шығыс медицинасының дамыған ғылыми жүйеге келген елі Қытайда Өтейбойдақ бабамыздың «Шипагерлік баян» кітабының түпнұсқасын қайтадан жинақ етіп көбейтіп басқан болатын.
Біз осы еңбегінде теорияларын негіздемелей отырып, ХХІ ғасырда адам баласының жасын қаншалықты ұзартуға болады, адам неден, неге ауырады, оларды емдеу тәсілдерінің қайсысы тиімді деген сияқты сұрақтарға жауап іздеудеміз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» сынды бағдарламалық мақалаларында ұлттық код яғни ұлттық тегіміз туралы бекер айтқан жоқ. Қазір әлемнің ең озық елдері Еуропа, Жапония, Қытай, Корея шығыс емі заманауи медицинаның түп негізі екенін мойындап отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын. Осы маңызды міндетті орындау барысында «Ұлы дала» қолданысындағы ем түрлерін орнымен тиімді пайдалану Мемлекет басшысы Жолдауында қойған міндетті табысты орындауға, сөзсіз, септігін тигізеді.
Біз көбіне өмірден өткен ғұламалардан, ұлыларымыздан ажырап қалдық. Этникалық дәстүрлі медицина әдістерін жаңғырту, Қазақстан халқының өмірін ұзарту, осы жүйе салаларындағы мамандарды біріктіру арқылы ел тұрғындары денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап қана қоймай, оны барынша жетілдіру мүмкіндігіне ие бола аламыз.
Қарап отырсақ, денсаулық сақтау жүйесі дамыған елдер дәстүрлі медицинаны ғылыми негіздемелеп дамыту арқасында медициналық туризмды өмірге келтірді.
Денсаулық сақтау жүйесінің орындаған жұмысын қалай талдап, таразыласақ та науқастарды емдеу, сауықтыру ісіне қосқан дәстүрлі медицинаның үлесі басым екенін айтқым келеді. Ғұламалардың анықтауы бойынша, адам жан мен тәннен құралады. Жан мен тән арасын көзге көрінбей байланыстырып, жалғап тұратын қуат қайнарлары болады. Науқас тәніндегі қуат көздерін ашу арқылы оны дертінен сауықтыра аламыз. Ұлы дала адамдарға ұсынатын ем түрлерінің бүгінгі сауықтыру практикасымен үйлесімін табуы – бүгінгі күннің қойып отырған бір талабы осы.
Сонсоң емдеу үрдісін нәтижелі, толымды, көңілдегідей қылатын тек науқастарға ұсынылатын ем түрлері ғана емес, сонымен қатар дәрігер мен медбикенің әуезді үні, жылы қабағы, ашық жүзі, мінсіз қимыл-қозғалысы қосаметкей жанамалап тұрса, науқас үшін қандай жақсы болар еді. «Жас-Ай» орталығында функционалдық қызметін атқарып жүрген Бибісара Кеңесқызы, Бибігүл Тұрсынәліқызы, Сәуле Ғарифоллақызы, Айсана Жетпісбайқызы сияқты дәрігерлердің қай қайсысы болмасын компьютерлік сауаты бар, шет тілдердің бірін игеруге ден қойып, уақытын бөліп жүр, мәдени ашықтық жөнінен алдарына жан салмайды.
Ал мамандар прагматизміне келетін болсақ, халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығы мамандарының біразы өз мамандығы бойынша қандай байлығы бар, осы игерілген байлық ұлт байлығына қаншалықты сай, сай емес пе, осыны қадағалап жүреді. Әрқайсысы кәсіби шеберлігін жетілдіру, шыңдау арқылы өз болашағын жоспарлап жүр. Мұнда қызмет істеп жүрген дәрігерлер мен медбикелер өздерінің кәсіби білімі мен білік деңгейлерін 2018 жылы Астанада 14, 15, 16 маусымда өткізілген «Классикалық және комплементарлық медицина. Медициналық туризм. Жасыл технологиялар. Назарымызда Қазақстан» Халықаралық ғылыми-практикалық Конференция жұмысына қатысқан 18 шет елден келген мамандар алдында шеберлік кластарын өткізіп, өздерінің қандай халықаралық стандарт талаптарына сай екендігін дәлелдеді.
Конференцияға белсене ат салысып қатысқан Еуропа медицина қауымдастығының президенті Винченцо Костиглиоло (Брюссель, Бельгия) бастаған атақты медик-ғалымдар мен айтулы дәрігерлер бұл ауқымды маңызды шараға жоғары баға берді. Конференция жұмысына академик, мемлекет, қоғам қайраткері Әділ Ахметов төрағалық етті.
2017-2018 жылдары атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша ЕМҚ (Брюссель, Бельгия) сарапшылары шешімімен «Жас-Ай» медицина орталығы бас директорының орынбасары Бибігүл Тұрсынәліқызын «Жыл есімі» деген құрметті атақпен марапаттады.
2016 жылы «Жас-Ай» медицина орталығына Еуропа медициналық қауымдастығының (Брюссель, Бельгия) және ОКСФОРД академиялық Одағының (Ұлыбритания, Лондон) шешімімен Халықаралық үздік клиника» деген атақ берілді.
«Жас-Ай» орталығына құрметті атақ №22 куәлігі (сертификаты) екі медалі тиесілі құжатымен арнайы түрде табыс етілді.
2017 жылы 3 шілдеде Еуропа медициналық қауымдастығының (Брюссель, Бельгия) және ОКСФОРД Академиялық Одағының докторы әрі Құрметті профессоры дәрежесіне ие болдым.
2018 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым. Жоғарыда келтірілген деректер «Жас-Ай» Халықаралық медицина орталығының ұлттық бірегейлігін көзінің қарашығындай сақтап жүргендігінен күмән тудырмас хабар беріп тұр емес пе.
Бұл Орталықта қолданылатын науқастарды емдеу түрлерінің басым бөлігі – ол бұрынғы заманнан келе жатқан инемен сауықтыру, тамыр соғылысы арқылы ауруды анықтау, қан алу, дене қыздыру, нүктелі массаж, май жағу, т.б. қазақы ем алу амалдары, яки Шығыс емі, түптеп, түйіндей келсек, Ұлы дала емі. Әлбетте, білімсіз ешқандай табысқа жете алмайтынымыз ақиқат. Сондықтан да осы Орталықта қызмет атқарып, жұмыс істейтін кадр үшін өзі қалап алған мамандығын сәт сайын, күнде-күнде, өмір бойы арнайы әдебиетті қарап, зерделеп, оның кәделі тұстарын қолданысқа түсіріп отыру – әрі парыз, әрі міндет. Құндылықтар арасында ерекше басымдық берілетін құндылық – ол білім екені сөзсіз.
Тынымсыз, үзіліссіз жалғаса беретін ізденістер, тәжрибе арқасында білім толыға бермек, арнасын тапқан бұлақ сияқты. Білім, біліктілік, кәсібіңе, ғылымға деген сүйіспеншілік ұлттық медицина дәстүрін жаңғыртуға мол мүмкіндіктер туғызады. Қазақстанда тұрғындар өмірін ұзартуға, өсітіп «Туған жер» Жобасын көңілдегідей орындауға қолайлы жағдай жасалады.
«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталды» – дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалы мақаласында. «...Туған жеріңе көмек жасаған жандарды қолдап құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек».
Қазақстанда туған жерге, туған елге адалдығын дәлелдеп, ел тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетіп жүрген орталықтардың бірі де бірегейі – «Жас-Ай».
«Жас-Ай» тиімді қолданып жүрген шығыс ем түрлері: рефлексотерапия (ине терапиясы; акупунктура), мануалдық терапия (қолмен уқалау) массаж, гомеопатия (шектелген мөлшерде емдік қасиеті бар шөптерден әзірленген дәрі-дәрмек «ішуді ұсыну), фитотерапия (емдік қасиеті бар шөптерден жасалған дәрілер ішу арқылы ем алу).
Елге адалдық, халыққа туыстыққа негізделген мейірімділік керек. Мен басшылық етіп отырған ұжым – ұлтын сүйіп қуанатын, рухын сүйіп жұбанатын ұжым. Бұл ұжымдағы бірегейлік елге, мамандыққа деген сүйіспеншілікке негізделген.
Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығымен оның қол жеткізген жетістіктерін, этникалық дәстүрлі медицинамыздың толымды табыстарын ескере, қызығушылық таныта отырып, шет ел денсаулық сақтау жүйесіндегі компаниялар, атап айтсақ: Еуропа медициналық қауымдастығының (Брюссель, Бельгия) президенті доктор Винченцо Костиглиоло), Халықаралық сауықтыру практикасы мамандарының қауымдастығының (Москва, Россия) президенті доктор Ганна Михайловна Жукова) ресми түрде өзара пайдалы ынтымақтастық туралы жасалған Меморандум бойынша өзара тиімді ауқымды сауықтыру шаралары өткеріп жүр.
Ағымдағы 2019 жылдың шілде айында Еуропа медициналық қауымдастығының (Брюссель, Бельгия) президенті Винченцо Костиглиоло ресми дәрігерлік іс сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келіп кетті. Москвамен (Россия) сауықтыру практика мамандарымен де жүйелі шығармашылық байланысымыз дамып келеді.
«Магниттік жасуша-1»
Айталық 40 жасқа келген кісі «Магниттік жасуша-1» аппаратынан өтсе, сол жастан бастап қартаймай 20 жылға дейін өз ғұмырын ұзартуға болатыны ғылыми түрде дәлелденді. Бұл аппараттың құрылымы мен қолданылуы туралы таныстырылым ( презентациялық) сеанстарын Швейцария, Түркияда өткіздім. Аппарат шет ел мамандарының қызығушылығын тудырып отыр.
Тағы бір ашқан жаңалығымыз – ол «Жас-Ай» өмір тұндырмасы (настой). Бұл тұндырма (өмір нәрі) өзімнің ұзақ жылдар бойғы зерттеулерімнің нәтижесі. Тұндырма құрамында Тибет, Гималай, Хан Тәңірі тау баурайларында өсетін емдік қасиеті бар шөптер бар. «Өмір нәрі» тұндырмасы дәрумендерге аса бай, итмұрын, жень-шень, кардицепс, ганодерма шөп тамырларынан алынған. «Жас-Ай» өмір нәрі тұндырмасы адам жүйке-жүйесін тыныштандырып, көңіл-күйін қалпына келтіреді. Ер мен әйел жыныстық белсенділігін арттырады. «Жас-Ай» өмір нәрін үнемі ішіп жүрген адамның денсаулығы жақсарып, өмір жасы ұзарады.
«JAS-AI» шипалы суы
2017 жылдан бері «Жас-Ай» орталығында «JAS-AI» шипалы суы шығарыла бастады. Адам ағзасының тіршілік әрекетінде маңызды рөл атқарады және минералды заттардың тепе-теңдігін сақтайды, пайдасы зор, табиғи таза су ультракүлгін сәулелерімен өңделген, ғұмырыңыздың ұзақ болуын қаласаңыз (пайдаланып жүрген өзге сұйықтардан гөрі) осы «JAS-AI» шипалы суын тәулігіне 2-3 литр мөлшерімін ішіп жүріңіз.
Жоғарыдағы аты да, заты да аталған өнімдермен Россия, Түркия сияқты елдер рыногына шықтық. Сапарымыз сәтті болды.
2018 жылы Ыстамбулда болған дәрігерлік ресми іссапар кезінде менің дәрігерлік қабылдауымда Түркия Президенті Режеп Таип Ердоганның Йалчын Топчи деген кеңесшісін науқас ретінде қабылдап, сеанстар бойы жазып шығардым. Өзі этникалық-дәстүрлі медицина бұл негізінен қай жағынан алып қарасаңыз да Шығыс медицинасы, Батыс танып, мойындаған, енді назарын соған аударып отырған Шығыс медицинасы.
Шығыс медицинасының бір елеулі құрамдас бөлігі ретінде біздер Жапония, Қытай, Гонконгтегі мамандармен ресми орныққан қарым-қатынасымыз дамып келеді.
Осындай шығармашылық байланыс біздің науқастарды емдеу қызметінің нәтижелі болуына игі ықпалын, әлбетте, тигізеді.
Этникалық дәстүрлі медицина науқастарды емдеу ісінде тиімді де ұтымды амалдар қолданған соң, ұлт үміті үдесінен шығып, ел сеніміне ие болып отыр.
Біздің орындаған жұмысымыз, атқарған ауруларды емдеудегі қол жеткен жетістіктеріміз, шет ел жетекші мамандарының назарына ілініп отыр. ЕМҚ (Еуропа медициналық қауымдастығы: Брюссель, Бельгия) және ЕВА (Еуропа Бизнес Ассамблеясы: Ұлыбритания) және «Жас-Ай» Халықаралық медицина орталығы бірлесіп өткізген «Классикалық және комплементарлық медицина. Медициналық туризм. Жасыл технологиялар. Назарымызда Қазақстан» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жоғарыда келтірген ойымды айғақтайды.
Осы Конференция жұмысы барысында ЕМҚ шешімімен Еуропа медициналық қауымдастығының (Брюссель, Бельгия) президенті Винченцо Костиглиоло маған «Мейірім Елшісі»деген атақ сертификатын табыстады.
Өмірімізде орын алған осындай жақсы оқиғаға орай маған Еуропа Бизнес Ассамблеясының Президенті мынадай құттықтау жолдады.
Құрметті Жасан Зекейұлы!
«ОКСФОРД» академиялық Одағы, Еуропа бизнес Ассамблеясы және Халықаралық Сократ Комитеті атынан (Лондон, Ұлыбритания) Сізге деген терең сенімімізді туған күніңізге орай шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыз!
Сізбен, Сіз арқылы жас, қуатты мемлекет Қазақстан Республикасы медицинасы және ондағы денсаулық сақтау жүйесінің үздік жетекшілерімен ынтымақтастықта болу – біздер үшін үлкен ғанибет.
Атап айтсақ, өзіңіз сияқты адамдар әлемдегі іскерлік, ғылыми және мәдени байланысты шоғырландырудың қозғаушы күші болып табылады.
ЕВА және ЕМҚ атынан сізге табыс етілген озаттық белгілер Сіздің еңбегіңізге ғана берілген Жоғары баға болып қана қоймай, Сіздің Орталығыңыздың Еуропа елдеріндегі әріптестеріңізбен қарым-қатынастарыңызды нығайтуға дем беретін болсын.
Сізге кәсіби және жеке ұмтылыстарыңызда жетістіктер, өзіңіздің ең басты ісіңізде жаңа асуларды бағындыруды, шабыт, шығармашылық табыс, зор денсаулық және игілік тілеймін.
Осы конференция медицина, денсаулық сақтау және медициналық туризм салаларында жұмыс істеп жүрген әр елдердегі пікірлестеріңізді біріктіруді діттейтін биік мақсатқа қызмет ететін болсын.
Барлығыңызға еңбекте толымды табыс тілеймін!
Джон Неттин,
ЕВА бас директоры, профессор (Лондон, Ұлыбритания)
Батыстың бізге оң назар аударуының себебі – алдымызға қойылған мақсаты халық денсаулығын сақтау, нығайту, жетілдіруге арнауымызда. Осы міндетімізді орындау барысында өзі арнайы медициналық біліміміздің деңгейін жоғарылата, саламатты өмір салтын ұстана отырып, кәсіби тұрғыда жетілуге басымдық бере келе, қандай болмасын адамды емдеудің амал-тәсілдерін ұтымды қолдана білуде.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалы мақаласында тарихи тәжірибе туралы ойын: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білуде» – деп анықтайды.
Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығын «Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді жаңғырудың алғышарттарына айналдыра білгеннің арқасында кәрі құрлық (Еуропа) бізді мойындады.
«Жас-Айдың» осы қасиетін және құрылғанынан бастап 15 жыл бойы жинақталған мол тәжірибесімен дүйім жұртпен бөлісіп жүргендігін қаперіне алып, өткен 2018 жылы 14,15,16 маусымда өткізген «Классикалық және комплементарлық медицина. Жасыл технологиялар. Медициналық туризм. Назарымызда Қазақстан». Халықаралық ғылыми-практикалық Конференцияға арнаған өз құттықтауында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов былай дейді: «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығы 15 жыл бойы жинақтаған мол тәжірибесін, қол жеткізген Халықаралық байланыстарын еліміздегі басқа да медициналық орталықтармен, мекемелермен бөлісу үшін осындай үлкен Халықаралық Конференцияны, шеберлік сағаттарын арнайы ұйымдастырып отыр екен.
Конференцияның мәні маңызының жоғарылығын түсіну үшін 18 елден келіп отырған ең жоғары санаттағы мамандар, халықаралық ұйымдар, еліміздегі беделді ТОО-өкілдерін атап өтсек те түсінікті.
Конференцияға келген шетелдік қонақтарға, барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға табысты еңбек, берік іскерлік қарым-қатынас тілеймін.
Елжан Амантайұлы Біртанов,
ҚР Денсаулық сақтау министрі
Өнерлінің өрісі ұзақ екенін білетін болармыз тегі. Адам емдеу өнері ырысты ғой. Ырыс жұғысты дүние емес пе?
Еуропа медициналық қауымдастығының (Брюссель, Бельгия)арнайы шақыруымен 2018 жылғы 21-22 қарашада шақыруымен Лондонда (Ұлыбритания) өткен «Acute and General Medicine» Халықаралық ғылыми-практикалық Конференциясына қатыстым.
Конференция жұмысына қатысқан атақты ғалым-медиктер, зерттеуші дәрігерлер, мемлекет, қоғам қайраткерлері бар.
Бұл мәртебесі жоғары Халықаралық ғылыми-практикалық Конференция мынадай ой да тудырды. Бәсеке дегенің – өмір сұранысынан, халық мүддесінен, болашақ қойған биік талабынан туындайтын қарқынды іс-әрекет.
Бәсекелік қабілет кемшіліктен, көнеден арылуды, даму үрдісінде жаңа сапа сатысына көтерілуді, мүмкіндігіңізді қамшылап жағдай тудыра алсаңыз, тіпті әлемдік деңгейге көтерілуді діттейді.
Мен осы Лондон (Ұлыбритания) Конференциясы шешімімен Еуропа медициналық қауымдастығының (Брюссель, Бельгия) шешімімен Қазақстандағы ресми өкілетті өкілі болып тағайындалдым.
Ұлы Дала қашанда болмасын туған (ел) жер азаматтарын ауруларынан емдеу, сауықтыру барысында әртүрлі дерттерге қарсы қолданатын ем түрінің бірі сөз болған. Алдымен сөз болған. Сөзді емдеу құралы деп айтып жүрміз ғой. Алайда әлі күнге дейін сөзді ем құралының бірі ретінде, өкінішке қарай, қолданып жүрген жоқпыз.
Науқас клиника босағасын аттаған сәттен бастап, күзеттен тіркеу (регистратурадан) өтіп, дәрігер қабылдауына кіргеннен кейін де сөз ырық ыңғайында қала бермек. Емдеу үрдісін қай дәрігер, қай емші, қай шипагер науқас үшін сөзден бастайды. Қандай терапевтік, қандай хирургиялық, не фармацевтика сеансы болмасын сөзді, емдік құрал ретінде, айналып өте алмайды. Ықылым заманнан бері сөз емдік құрал ретінде қолданыста. Сөз –Алла берген емшілер үшін шынайы құдіретті күш. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтылмаған ғой.
«Өнер алды – қызыл тіл». Қызыл тіл – дәрігер үшін шешендік, тіл мәрлікті білдірмесе керек. Дәрігер, сөзуарлыққа ұрынбай орнымен, тапқырлық танытып, алдына келіп отырған науқасқа жаныашырлық ықылас білдіріп сөйлейді. Осы жағдайда ғана дәрігер, шипагерге ауырған кісі сенім арта бастайды. Осы сенімге ие болу дәрігер үшін үлкен мәртебе болып табылады.
Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығы қолданысындағы емдік құралдар кешенінде әуен, музыканың орны – бір бөлек.
Пациенттер тұзды шахтада ем алып отырғанда, ұлттық нақыш бедері айқын, «құлақтан кіріп бойды алатын» музыка жанамалап қосалқылап, төгіліп тұрғанда, бәрінің көңілдері өзгеше көркейіп, көкірегі ашыла түскендей болады.
Пәлен жерде пайда бар.
Өз жеріңдей қайда бар, – демей ме қазақ.
Ұлы дала ауруға қарсы қолданатын ем түрінің бірі – ол Жер-Ана, табиғат, табиғи таза су, осы Құдай берген жерде егіліп, өсіп өнетін, өндірілетін өнімдер. Бұлардан әзірленетін ұлттық тағам өнімдерін, жеміс-жидек, көкөністі – осыларды, меніңше, біз құндылық деп есепке алып, қадіріне жетіп жөрмеген сияқтымыз.
Көбіне ішетін сусынымыз – «Coca Cola», жейтініміз – чизбургер, гамбургер... Неше түрлі көз жауын алатын, жарнама тақталарынан жарқырап тұрған «бургерлер». Бойымызға ата-баба дәуірлерінен бері қуат беріп келе жатқан көже, салма, кеспе, сорпа, қазақша ет, қуырдақ, шұбат, қымызды өз елімізде жарнамалаудан қалып бара жатыр. Ұлттық тағам өнімдерін әзірлеу мәдениеті ешқандай сын өлшемдерін көтермейді. Мұндай көкейтесті мәселені де назардан тыс қалдыруға болмайды.
Енді мына бір мәселені қарап көрсек. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» 2009 жылғы 24 қарашадағы №774 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5885 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобалық нұсқасындағы таблицада (1-бөлім, 34 тармағы) дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануальная терапия, су-джок терапия, гомепатия, гирудотерапия, фитотерапия)мамандығын алып тастау керек» деп жазылыпты.
Алайда біз дәстүрлі медицинаның айтулы өкілдеріміз, медицина ғылымдарының докторларымыз, дәрігерлер білімін жетілдіру институтының мамандарымыз, «Ел-шуақ» ҚҚ, Қазақстан дәрігерлер қауымдастығы, «Комплементарлық және дәстүрлі халық медицинасы мамандарының қоғамы» РҚБ. шағын және орта бизнесті дамыту туралы» бағдарламаға сәйкес, осы сала бойынша өз кәсіпорындарын ашып, бірнеше мыңдаған адамдарды жұмыспен қамтып отырған медицина орталықтарының басшылары, т.б. мүдделі тұлғалар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұл жобалық нұсқасына түбегейлі қарсымыз!
1) Дәстүрлі медицинаны не үшін жабатыны нақты көрсетілмеген;
2) Түсіндіру жұмыстары алдын ала жүргізілмеген;
3) Осы сала мамандарымен ақылдаспаған.
4) Жұмыс беруші кәсіпкер мен жұмыс істейтіндердің құқықтары қорғалмаған. Бұл көкейтесті мемлекеттік маңызы бар мәселе бойынша «Ұлы дала емі» I Ұлттық Конференциясында арнайы қабылданған қаулы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мырзаға жіберілетін болса, дұрыс болар еді.
Жасан Зекейұлы, Халықаралық «Жас-Ай» медицина
орталығының бас директоры,
профессор, академик