Операциядан соң туатын әртүрлі деңгейдегі ауру сезімі хирургиялық әрекет жасалған аумақты қоздыра түсіп, операция жасалған адамның тынышын алып, жағдайын нашарлата түседі. Кейбір жағдайларда, операциядан соң пайда болатын ауру сезімін дер кезінде жоймаса, немесе (оның күшін бәсеңдетпесе, техникалық орындалу жағынан жақсы жасалған операцияның нәтижесін төмендетіп жіберуі мүмкін. Осы айтылған жағдайлар операциядан соң туатын ауру сезіміне қарсы шаралар қолдануды талап етеді. Әрине ауру сезімін фармакологиялық дәрі-дәрмекпен емдеу дәрігерлік тәжірибеде кеңінен таралған тәсіл. Дегенмен, аталмыш тәсілдің тиімсіз жағдайлары да аз емес екендігін естен шығармаған жөн. Солардың ішінде наркотикалық анальгетиктердің адам организміне (дем алу, жүрек-тамыр, ми т.б. жүйелеріне) теріс әсерін және олардың туғызатын асқынуларын, сол дәрі-дәрмектерге құмар болу қауіптілігін, сондай-ақ, олардың шығындарын т.б. атап өту керек. Тағы бір айта кететін қолайсыз жағдай, ол аталған дәрілерді адам организміне енгізу көбінесе шприц арқылы, демек терінің бүтіндігін бұзу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, осындай ауру сезімдерін жоятын немесе бәсеңдететін қаупсіз альтернативті әдістерді іздеп, оларды ғылыми түрде зерттеп, дәрігерлік тәжірибеге енгізу қажет екендігі белгілі. Сондай әдістердің бірі – инерефлексотерапиясы. Ауру сезімін жою немесе оны бәсеңдету үшін біз «Хассы» инесімен мына нүктелерге әсер еттік.
1.Лан-Ұй (Lanue E-LE7) нүктесі. Бұл нүкте Цзу-сан-ли (Zusanli ST 35) нүктесінен 2 цун төмен орналасады. Оң аяқтағы нүктесіне «Хассы» инесінің «N»құтысы, ал сол аяқтағы нүктесіне «S» құтысы қойылады.
2. Цзу-сан-ли (Zusanli ST 35) нүктесі. Бұл нүктеге де «Хассы» инесі Лан-Ұй нүктесіне қойылғандай іспетті, яғни оң аяққа «N» құтысы, сол аяққа «S» құтысы қолданылады.
3. Ачи-чу (Axishu A-01) нүктесі көбнесе құрсаққа, соқыр ішекке жасалған операциядан соң пайдаланылады. Дәл ауырған нүктеге иненің «N» құтысы қойылады.
4. Дянь-шу (Danshu BL 19) нүктесі. Бұл нүкте оныншы көкірек омыртқасы мен өт тұспасының қиылсқан жерінде орналасады.
5. Ян-линь-цюань (Yanglingquan G B 34) аяқтың тоқпақша сүйегінің алдыңғы төмен жағындағы шұңқырда орналасқан нүкте. Бұл нүктеге «Хассы» инесінің «S» құтысы қойылады.
6. Дан-наң-шу (Dannanshu EX-LE6) нүктесі. Аяқтың сыртқы жағындағы қызыл асық сүйектің алдындағы қуыста, яғни Янь-линь-цюань нүктесінен төмен екі цун аралықта.
7. Жоң-ду (Zhongdu GB 32) тізенің сырт жағынан жоғары екі цун жерде орналасқан.
8. Гань-шу (Ganshu BL 18) нүктесі арқадағы он бірінші көкірек омыртқадан оң жаққа қарай 3 см. жерде орналасады. бұл жерге «Хассы» инесінің «S» құтысы пайдаланылыды. Кейбір жағдайларда (өтке, бауырға жасалған операциядан соң) емдеу тиімділігін арттыру үшін аталған нүктелерден тыс бауыр, өт қабынуына байланысты рефлексті бар аумақтарға да инені қосымша қоюға болады. Ол нүктелер аяқ ұшының жоғарғы жағында орналасқан.
Инерефлексотерапияның ауру сезімін жою не бәсеңдету қасиетін науқастың жалпы жағдайын, күнделікті субъективтік сезімдерін бақылау арқылы бағалап отырдық. Осы деректер арқылы ине рефлексотерапияның тиімділігін 4 дәрежеге бөлдік.
І дәреже. Инемен емдеудің ауру адамға әсері өте жақсы. Ауру сезімі мүлде жойылды.
ІІ дәреже. Инерефлексотерапиясының әсері жақсы, ауру сезімі мүлдем болмағанымен көп дәрежеде бәсеңдеп, пациентке зардабын тигізбеді.
ІІІ дәреже. Иненің емдік әсері орташа. Ауру сезімінің күші ине қолданар алдынан бәсеңдеу болды.
IV дәреже. Иненің емдік әсері байқалмады.
Аталмыш ине қолданылған 18 науқас адамда І, ІІ дәрежелі әсер көп анықталды. Тек 2 пациентте ғана иненің әсері IV дәрежемен бағаланды. Бұл адамдарға ине қою доғарылып, оларға ауруды жоятын емнің басқа түрлері, соның ішінде наркотикалық анальгетиктер қолданылды. Бірақ, олардан соң да, ауру сезімі бұл ауру адамдарда толық жойылған жоқ. Бұдан біз «Хассы» инесінің операциядан соң пайда болатын ауру сезімін жою не бәсеңдетуде өзге медициналық қолданылымдарға қарағанда қаншалықты нәтижелі екенін көреміз. Әдетте «Хассы» инесінің анальгетиктік әсері 3-6 сағатқа, емдеу мерзімі 1-3 күнге созылады. «Хассы» инесі пациенттердің денесіне еш залал келтірмеуі және бағасының тиімділігімен де ерекшеленеді.
Жасан Зекейұлы