Аяқ массажы аппараты(Зывишин)


Уқалағыштар (массажёры) тек оңалтатын жерге ғана емес, бүтіндей келгенде барлық организмге игі әсерін тигізеді. Өйткені табанда көптеген биологиялық белсенді нүктелер шоғырланған, бұларға дем беру ағзадағы барлық органдар мен жүйелер жағдайын жақсартады. Уқалағыштармен үй жағдайында да бірқатар сауықтыру әсерлеріне қол жеткізуге болады.

Міне бұлардың ішінде негізгілері:

  •  аяқтағы шаршағандық сезімін, ауруды және салмақты аластайды;
  •  лимфа ағымын жақсарту арқылы домбығуды кетіру;
  •  майтабанды туралау;
  •  көктамыр ісінуінің (варикоз) алдын алу;
  •  жүйке кернеуінен және созылмалы күйзелістен босау;
  •  ұйқыны қалпына келтіру; қорғаныс қабілетін арттыру;
  •  биологиялық белсенді нүктелерге дем бере отырып, ағзаның барлық органдары мен жүйелеріне игі әсер ету.