ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР


    Қатты ыстық тамақ ішпеңіз

    Ыстық тағамдар ағзадағы микробтармен күресетіні белгілі. Алайда, сол бактериялардың ішінде пайдалылары да бар екені рас. Адам ағзасындағы тіндер өте нәзік келеді, сол үшін ыстық тағам олардың тіршілігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе, қалқанша безінің жұмысына бұл кедергі келтіреді. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы да осыдан. Сіз ішетін тағам мен сусындар цельсий өлшемі бойынша 45 градустан аспауы тиіс.

    Суды бірнеше рет қайнатпаңыз

    Су қайнаған сайын өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Ал суды бірнеше рет қайнату арқылы оның ағзаға тигізетін зиянын да арттыра түсеміз. Негізі, суды қайнатпай-ақ, оны фильтрден өткізіп алған дұрыс. Құдықтан алынған судың да зиянды тұстары бар. Соңғы кездері құдық суынан мышьяк табылуда, бұл ағза үшін у болып есептеледі.

    Суды көбірек ішіңіз

    Ағзаны қалпында ұстау үшін күніне 2 литр су ішу керек. Одан артық ішудің қажеті жоқ. Екі литрден артық су ішсеңіз, су ағзадағы зиянды бактериялармен бірге пайдалысын да алып кетуі мүмкін. Егер нақтырақ айтатын болсақ, әр адам өзінің бір келі салмағына 30 мл су ішкен дұрыс. Мысалы, сіздің салмағыңыз 70 келі болса, онда күніне екі литр су ішесіз. Ал салмағыңыз 80 келі болса, 2,5 литр су пайдаланасыз.

    Жаңғақ жеңіз, ол өмірді ұзартады

    Жаңғақты күн сайын жесеңіз де артық емес. Өйткені, оның құрамында Е дәрумені бар. Сондай-ақ, жаңғақ адам ағзасының қартаю процесін баяулатады. Ең пайдалы жаңғақ деп грек жаңғанын атауға болады. Грек жаңғанын күніне 100 грамнан артық жемеңіз, өйткені, шамадан тыс жеудің де өзіндік проблемалары бар. Күнбағыс шемішкесін де аздаған мөлшерде пайдаланған денсаулыққа қауіпті емес. Тек тісіңізді сақтау үшін оны қолмен шағыңыз.

    Газ плиталарынан бас тартыңыз

   Егер үйіңізде газ плитасы болса, оны тезірек электрлі плитаға ауыстырған дұрыс. Газды сөндірген соң оның зияны ауада қалып қоятынын ескертеміз. Ауада қалған газ шөгіп, қара күйеге айналады. Әлгі күйе сіздің өкпеңізге түсуі мүмкін. Сондай-ақ, газдың жарылу қаупі зор екенін де жақсы білесіз.

Дереккөз:https://kaz.nur.kz/