Ұзақтығына қарамай уқалаудың қай түрі болмасын - кешенді емдеудің пайдалы бір бөлігі болып табылады. Терапиялық уқалауды тек дәрігер ғана тағайындайды, массаж барысын ол мұқият бақылап тұрады. Терапиялық уқалау неше топтарға бөлінеді. Ол өзі ауру түріне, немесе кешін отырған қасіретіне, алған жарақатына байланысты болмақ. Уқалау отаға дейін және бұдан да кейін қолданылады. «Жас-Ай» медицина орталығында пациенттер емдік уқалауды білікті мамандар қолынан алады.
Нүктелі уқалау – көне емдеудің бірден бірі. Бұл ем түрі Шығыста шығып қазіргі кезеңдегі Қытай, Корея және Жапония аумағында дамыған. Көне дәуір емшілері ішкі органдар, жүйелерімен тығыз байланыста болатын адам денесінде ерекше «өмір» нүктелері барлығына назар аударған. Осы нүктелерге әсер ете отырып, бұзылған органдар функцияларын қалпына келтіруге, науқастың жалпы жағдайын жақсартуға болатынына көздері жеткен.
Нүктелі уқалау үшін негізгі принциптер мыналар:
- Қандай болмасын ауруға келгенде кешенді көзқарас танытылады.
- Емдеудің барлық тәсілдері асықпай, тиянақты өткеріледі.
- Әр аурудың емі жекеленген сипатта болуы керек.
Нүктелі уқалау массаждың басқа түрлерінен өзгеше болуы керек. Өйткені ол организмнің биологиялық белсенді нүктелеріне әсер етеді. Клиникалық сараптамалар және клиникалық зерттеулер көрсеткеніндей организмдегі недәуір өзгерістерді осы нүктелі массаж тудырып отыр. Мұны акупунктура деп те атайды. Массаж барысында тері температурасы жоғарылайды. Нүктелі уқалау жүйке талшықтарын тітіркендіретін инемен емдеуге ұқсайды.