Рентген сәулесі қалай пайда болды?


    "Ұлы өнертабыстардың көпшілігі кездейсоқ пайда болған" деген сөз бар. Кей ғалымдар әлдебір нәрсені ойлап табуы үшін бірнеше жылын сарп етсе, енді біреулердің аяқ астынан жасаған дүниесі жаңалыққа айналады.
     Солардың емханаларда күнделікті пайдаланылатын рентген сәулесі екен.

      Атақты физик Вильгельм Рентгеннің ұлы өнертабысын бәріміз білеміз. Алайда оның ойламаған жерден жасалғанын барлығы біле бермес. Ол 1895 жылы катод құбырларына зерттеу жүргізеді. Құбырдың екі жағында да экран болады. Бірде кездейсоқ жарықты жағып қалғанда ерекше сәулені байқайды. Құбырдың алдына алақанын қойып көрсе, ол да жарқырайды. Ол осылай өз өнертабысын Х-сәулесі деп атады. Көп ұзамай бұл медицинада қолданысқа енді.

Дерккөз: https://massaget.kz