Мамандардың айтуынша, әрбір жетінші адам жүрек ауруынан көз жұмады екен. Сол себепті, жүрек талмасы кезіндегі алғашқы көмек көрсету ережелерін бәріміздің біліп жүргеніміз абзал.
1. Жүрек талмасы кезінде науқастың сол жақ көкірек тұсы шаншиды. Денесі ауырлық сезініп, қан қысымы көтеріліп, қысылады. Сөйлей алмай, қызып немесе мұздайды. Бұндай белгілермен асқазан және жүрек ауруларын шатастырып жатады. Жүрек талмасының қосымша белгілері:
• Тыныс алудың қиындауы;
• Суық тер;
• Тұншығу, ісу;
• Асқазан ауруы;
• Бас айналу;
• Жүректің шамадан тыс қатты соғуы.
2. Бір ерекше жағдай, әйел жаратылысы мен ер адамдардың жүрек талмасында айырмашылықтар бар. Мына белгілер тек әйел адамдарға тән.
• Жауырынның (ту сырты), сол жақ иықтың ауруы;
• Жақтың ауруы;
• Қолдың ауруы;
• Әлсіздік;
• Ұйқысыздық.
Дереккөз: https://massaget.kz