Магниттік аппарат


«ARBAT» және «AIBAT» - құралдар атаулары. Магниттік сағаттарға тоқталмас бұрын магниттік жасушалар туралы айтсақ.

Әр адамда магниттік жасушалар бар.Олар жасушалар, органдар және бүкіл ағза тіршілік қарекетіне дем береді. Қысылып та, ашылып тұратын жасушалар екі түрге бөлінеді. Біріншісі-мейірім, ал екіншісі-ызалы, қатерлі жасуша. Мейірім жасушалы мембраналар организмге пайдалы қуат беретін, эндофриндік, серотониндік гормондар бөліп шығарады. Бұл гормондар қан айналысын белсенділендіреді, организмге дем береді. Олар денсаулықты жақсартады. Адам жастық шағы ұзақ сақталады. Жағымсыз ақпаратты жинайтын жасушалар организм бойына залалды гормондарды таратады. Улы гормондар қанға түседі де қатерлі ісік, инсульт, лейкемия және тез қартаю сияқты проблемаларды тудырады. Адам сырттан келетін ақпаратты есіту, түйсіну арқылы қабылдайды.

Гормондардың бөлінуі тыстан келетін ақпаратқа байланысты « Мейірім сөзі-бақыт жартысы» деген мақалдағыдай, жақсы хабар келсе, сау жасушалардың белсенділігі артады, ағзаға пайдалы эндорфиндер және серотонин гормондары бөлініп шығады.

Әр алты ай сайын пайдалы гормондарды толықтырып отыру қажет. Ағза сонда қалыпты жағдайға қала береді, денсаулық та мінсіз болмақ. Өмір ұзақтығы жалғаса береді «АRBAT» және «AIBAT» құрылғылары сау жасушалардың белсенділігін күшейтеді және пайдалы гормондардың бөлінуін реттейді.

Пайдалы гормондар бөлінген кезде, ызалы қатерлі ісік тудыратын жасушалар әлсірейді. Яғни айтқанда, гормон улылығы ағзаға онша әсер ете қоймайды.

Монитор және электрондық білезік арқылы пайдалы және қатерлі гормондардың бөлінуін бақылап туруға болады. Қызыл белгі - бұл қатерлі жасуша. Жасыл белгі – бұл мейірім жасушасы. Науқас білезікті білегіне салады, тренажёрде жаттығулар жасайды. Осы сәтте екі жасуша біріне бірі жақындай түседі. Өзі эндокриндік бездер өте сезімтал және тітіркендіргішіл болып келеді. Ісіну және тітіркену арқылы жасушалар гормондарды шығарады. Организм жүктемені еселеп алған сайын монитордағы екі жасуша ісіне береді, ал екеуі бірі біріне соқтыққан сәтте, жарылыс болады.

Организмдегі дәл осы сәтте адамды жасартатын гормондар бөлінеді. Гормондар - өмір өзегі болып табылады. Сондықтан да жасарту гормондарын реттеп отырыу – адамды сауықтырудың ең жақсы тәсілі. «Жас-Ай» медицина орталығының зертханасы адам денсаулығы оның көңіл күйіне байланысты екендігін анықтады. Егерде 40 жас кезіңізде «ARBAT» және «AIBAT» құрылғыларыңыздан өтсеңіз, онда тағы 20 жасты қосып аласыз да 40 жастағы жігіт болып қала бересіз.

Жасан Зекейұлы Швейцарияда, Түркияда өткерілген Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда шет елдердегі әріптестерін өз құрылғыларымен таныстырды және бұларға деген қызығушылығын тудырды. Бұл жаңалық-таққылдыратын жаңалық (сенсация) болып шықты.