Әлеуметтік желілерде қытайлық сарапшылар әлемдік қоғамға коронавирустан зардап шеккен ланьчжоулық науқастың өкпесінің суреті тарады.
Рентгенологтар берген мәліметтерге сай, аймақтың 33 жастағы тұрғыны Уханьнан келген соң алты күннен кейін медициналық көмекке жүгінген. Әйел ауруханаға жөтел және қалтырау белгілерімен түскен. Ол емханаға бес тәулік бойы ауырған соң жеткізілген көрінеді...
Науқасты компьютерлік томографияның зерттеген. Нәтижесінде әйелден «күңгірт шыны» деп аталатын белгі анықталған. Бұл тіндердің салыстырмалы жалпы массасының кескіндерінде өкпе тінінде жарық аймақтар болуымен сипатталады.
Жоғарыда көрсетілген суреттерде екі зерттеудің нәтижесі жарияланған. Біріншісі әйел ауруханаға түсе салысымен жасалған. Екіншісі үш күн уақыт өткен соң түсірілген. Дәрігерлердің айтуынша, дақтың көлемі үлкейе береді. Ал ауру асқынып, науқастың жағдайы нашарлай түседі.
Дереккөз: https://alashainasy.kz