ӨМІРЛІК ҚИЫНДЫҚТАРДАН ҚАЛАЙ ӨТУГЕ БОЛАДЫ?


1. Проблеманы проблема деп қабылдауға болмайды
Психологтар адамның барлық эмоцияларының бейтарап екенін айтады. Оларды адамның өзі не негативті не позитивті екенін айтады. Егер қиындықты қиындық деп қабылдасаңыз ол проблемаға айналады. Ал оған позитивті қарасаңыз мүмкіндікке айналады. 
 
2. Өзгерісті өзіңізден бастаңыз
Сіздің барлық іс-әрекеттеріңіз бен қылықтарыңыз жан дүниеңіздің көрінісі болып табылады. Сондықтан өзгелерді емес, өзіңізді өзгертуге тырысыңыз. Өзіңіз өзгергенде ғана өміріңіз жақсарады.

3. Сәтсіздік болмайды, тек мүмкіндіктер бар
Әр сәтсіздіктен мүмкіндік көруге болады. Әр қиындық пен әр сәтсіздіктің жақсы жағын көруге тырысыңыз.
 
4. Қазіргі сәт пен басыңыздан өтіп жатқан жағдайды бағалаңыз
Бақытты күтіп жүріп, көп дүниеден айырылып қалуға болады. Сіздің өміріңіздің әр сәті құнды. Сондықтан өміріңізді бақытты күтумен өткізіп алмаңыз.
 
5. Арман-тілектеріңізді босатыңыз
Егер күткеніңіз орындалмаса өзіңіздің көңіл-күйіңіз түсіп кетеді. Себебі қалағаныңызға қол жеткізе алмайсыз. Арман-тілектеріңізді күндіз-түні ойламай, ойыңыздан босатсаңыз тілектеріңіз өздігінен орындала бастайды. Оның орнына интеллектіңізді дамытуға кірісіңіз.

Дереккөз:http://reactor.inform.kz/