жолдауға қолдау – жауапты міндет


Құрметті радио тыңдаушы қауым, студиямыздың бүгінгі қонағы белгілі дәрігер медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Жас-Ай медицина орталығының директоры Жасан Зекейұлы. Қош келдіңіз!

Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдармандар!

– Көңіл-күйіңіз қалай, аға?

            Өте жақсы, бейсенбінің берекесін берсін сіздерге.

– Рахмет сізге айтқаныңыз келсін енді бүгін өзіңізді мынау қоғамның белді мүшесі ретінде және осы медицина саласының белді өкілі ретінде арнайы шақырдық. Өйткені мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халқына жолдаған жолдауында «Денсаулық сақтау саласына байланысты негізгі мәселелерді айтып, тапсырма берді. Заман талабына сай тиімді мемлекеттің тұғыры мығым болуы үшін алдымен ең басты байлығы халқы және олардың денсаулығы мықты болуы керек». Пандемия жағдайында қиын жағдайларға тап болдық, оны өте жақсы білесіз, сол себебті барлық дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғылар Қазақстанда өндірілуі тиіс дейді. Бұл мәселеде сіздің айтар ойыңыз қандай?

Өте дұрыс жолдау болды. Біз бүкіл ұжым болып тыңдадық. Жолдауға қолдау білдіріп, міне уақыт тауып сіздерге келіп отырмыз. Ең бірінші, бұл халықтың экономикалық жағдайын және әлеуметтік жағын көтеретін, жұмыспен қамтуды толық қамтамасыз ететін үндеу болды. Өйткені қазіргі кезде өзіңіз де білесіз, ащы да болса шындық, халықтың қалтасы таяз, мемлекетіміздің де бюджетінің қиыншылығын білесіз. Дамыған Еуропа елдерінде жасалатын барлық химиялық дәрілердің бағасы өте қымбат. Қарпайым халық үшін мүлде қол жетімді емес. Енді не істеу керек?

Біз өзіміздегі барымызды төңірегіміздегі тәжірибелі ұлттардың технологиясын пайдалана отырып, іске асыруымыз керек. Табиғи дәрілік өнімдер яғни шөптердің бізде 1000-нан астам шөптің түрлері бар екен. Осы ен байлықты жинап, сұрыптап,  әр қалада тұнбалар, капсулалар түрінде өңдейтін жеңіл өнеркәсіп негізінде қызмет ететін жұмыс орындарын ашу керек деп ойлаймын. Мен ел Президентінің үндеуіне осылай үн қосқым келеді. Біз қазір білетін дамыған елдердің көбінің жер байлықтары жоқ. «Олар немен күн көріп отыр?  Неге біздің алдымызға өтіп кетті?» деген ой әркімге келеді. Бағамдап қарасақ, олар: техникасымен, медицинасыменен, ғылымыменен алға шыққан екен. Яғни әкімі ғалымын іздеген жүйе қалыптастырған. Сол ғалымдардың күшін пайдаланып оны бренд қылып солардың жаңағы ұйымдастыруыменен үлкен зертханалар ашып, әлемдік деңгейге шығып өздерінің тауарын өткізіп жатыр.

Ал енді бізде қандай күш бар? Бізде қазір тұнып тұрған табиғи өнімдеріміз бар. Дамығанын өзгелерге мойындатқан елдердің көбінің табиғи шөптерінің дәрілік емдік қоры таусылып бара жатыр. Бір кездері жабайы, тұнған табиғатта жайқалатын дәрілік шөптер оларда зертханалық аймақта, арнайы плантацияларда өсіріле бастады. Ондай жағдайда өскен шөптердің дәрілік қуаты да азаятыны сөзсіз. Мұны өздері де байқағандықтан олар енді бізге ауыз салмақшы. Сондықтан біз уақыт өткізіп алмай, тез арада заң жүзінде табиғи емдік шөптерімізді қорғап, шетелге сатуға тиым салып, өндіріске бет бұрып, жұмыс көзін ашуымыз керек.

– Шикізатты өзімізде өндіру керек дегенді айтып өттіңіз. Өндірісті неден бастауымыз керек?

 Өндірісті қолға алуға бізде техникалар, база және олардың жобалары (нұсқалары, үлгілері) дайын тұр. Тек соны бюрократияға бағындырмай, әкімшілік жергілікті қолдау керек. Бізде бір жұмыс көзін ашпақшы болса, соның халыққа тиімділігінен гөрі, кейбіреулер өзіне түсетін пайданы ойлайды. Біз ең алдымен халықты ойлауымыз керек. Әр адам өзінің бас мүддесінің пайдасын мемлекет пайдасынан жоғары қоймау керек.Адам өз пайдасын халықтың, мемлкет пайдасынан жоғары қоймаған кезде ол адам ұлтжанды мемлекетсүйгіш болады. Сондықтан ел мүддесін түсінетін басшылар қажет. Дайын, қолжетімді техникалар бар. Бұл іске үлкен техниканың да керегі жоқ.  40-50 адамдық жұмыс көзін ашып шағын жеке кәсіпкерлер, ЖШС-ларға өндірісті мемлекеттің қолдауыменен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, дамыту керек.

– Ал дәрі-дәрмекке шикізат бізден табыла ма?

– Шикізат неге бізден табылмайды, табылады. Тек соған еңбек күшін тарту керек. Бізде ащы шындық қара көз халқымыздың кейде жалқаулығын мойындамасақ болмайды. Ауылды жерде субсидия таратып, ауыл шаруашылыққа ақша бөліп еді ой мен мал өсірем деп алып алды да бәрі қалаға қашып кетті,енді қалаға келіп алып құрлыс тоқтап қалып еді айқайлап көшеге шықты , ой біз жұмыссыз жүрміз бізді бақ деп. Бұл дұрыс емес біз енді өзгеруіміз керек міне президентіміз сол реформаны айтып отыр. Солардың барлығы дайын жұмыс күш солар табиғи даладағы шөптің малмен бірге сол жаңағы түрін бәрін біледі, өздеріде пайдаланады кей-кезде таныйды соған тапсырма береміз олардың қорына жаңағы өтемелі ақша беріліп ол материалды жинаймыз, кептіреміз .Ондай мамандарымыз дайын, сондықтан бұл істі жүйелендіретін белгілі бір құқықтық құзіреттілігі бар немесе парламенттік насихаттық жүйеде дәрігер қауымдары болса деп ойлаймын. Сонда солар осыны ұйымдастыра алады. Ал үні шықпайтын жай өзінікі болып қалатын болса, сонда бұл жоба орындалмайды. Міне, осы тұстары назардан тыс қалып жатыр деп ойлаймын. Мынау іргедегі Қытайдың өзі дәстүрлі медицинасымен, осы дәрі шөбіменен өзінің ішкі өнімінің 15%-20% тауып отыр. Тағы туризммен тауып отыр. Бізде де тұнып тұрған табиғи ем мен туризмнің көзі – табиғи шөптеріміз.

–  Қазақтың кең байтақ даласының табиғаты өте ерекше жаңа өзіңізде айтып жатырсыз табиғи өнімдерге, не бір емдік шөптеріне шынымен де сан жетпейді. Енді осы емдік шөптерден дәрі жасауды неге біз өзіміз қолға алмай келеміз?

 Біз қолға алмай келгеніміз – бізде қиыншылық болмады. Үкімет барлық адамды бақты. Енді қиыншылық түсті. Неге? Пандемия кезінде бүкіл әлемде шегаралар жабылды да, дайын тауарлар келмей қалды. Тіпті бізде қолжетімді дәрілердің өзі сатылуға шектеу қойылып кеткен жағдайлар болды. Халық та түсінді ғой өзі кімнің жау кімнің қас екендігі. Ақшаны ғана ойлаған адамдардың қолына түссе не болатынын көрдік. Сондықтан біз халық бір тал парацетамол емес, сол парацетамолдың түбіндегі жалбыздан жасалатын температура түсіретін тұнбалар шөптерді білсе дейміз. Соны жасап өздері жалынбай, шетелден кіргізбей өз өнімдерін шетелге экспорт қылатындай деңгей керек. Қазір бастамашы топ өнімді қазір өздері кірісіп жатыр. Көпшілік отбасы жағдайларында бронхы, пневмония болғанда емдеуді, өзін сақтауды білетін болды. Оған біз протокол кіргіздік өзіңіз білесіз оны біз талай сұхбатта айттық.

16 протокол қойдың майынан бастап, сутегі қышқылы, жалбыз шөп сумақ шөп тағы да басқа. Әлемде өзі бір мүшел 12 жылдан тұрса, сол 12 мүшелді құрайтын барлық хайуандардың қуаттанып жейтін шөптері бар. Соларды да дәрі шөптер қатарына қоссақ, иммунитетті көтереді екен, біз осы маңызды жайтты таптық. Егер біз шөпдәрілерді брендтауар қылатын болсақ, әлемнің пандемиясы болып жатқан орталықтар шетелдің мемлекеттері сөзсіз сатып алатын болады деп ойлаймын. Соған мемлекет қолдау берсе деп ойлаймыз. Қолдау үшін заң керек. Біз қазір шөптен дәрі-дәрмек, тұнба, т.б. жасасақ фармацевтік орталықтарға жібереді. Олар анализ сұрайды ал біз сол үшін оған жүйе құрдық.  Дәстүрлі Халықаралық Қауымдастық құрдық. Соның жүйесінде лаборанттар бар, мамандар бар. Солардың қорытындысын шығарып, өнімділігін практика жүзінде адамдарға істеткенде қанша адам емдеп жазылды осы негізде оны өндіріске жіберу керек. Бюрократизмді қою керек,  әйтпесе бюрократизмнен ешкім шағын, орта бизнес ашпайды 2-3 күн жүреді де, кері шегініп кетеді соның себебінен ашылмай жатыр.

Түркияға мен барып қайттым. Шөптен дәрілер өндіретін, әлемнен, өздерінен 90 000 студент оқитын академиясында дәстүрлі медицина факультетін құрды. Бізді де жұмысқа шақырып жатыр. Сондай жағдайда біз кейін кеш қалмауымыз керек. Біз енді өзіміздің мамандарымызды қолдап шетелге кетіп қалмауы үшін жаңағы қорымызда тұрған шөптерді қорғап заң шығарып соларды істеуіміз керек. Өйткені, бір кездері өзіңіз білесіз көк аспанымызды самғайтын Сұңқар құсын  арабтар ала бастады. Сонда заң бойынша парламентте шектеу қойдық. Қазір ол қорғалып қалды. Базарда алтын тамырдан бастап, сумақ, ақ жүрек деп қоямыз өкпені тазалайтын шөптердің түр-түрі бейберекет сатылып атыр. Семей, Үржар төңірегін түгел қазып болмайтын ақшаға ұрлап әкетіп жатыр Қытайлар жерді 49 жылға сатып  алмасада жалға алды. Ал соны кім қорғайды. Бұл байлықты алтындай қылып қорғайтын заң керек.

Сонымен біз оны қорғап, рұқсат етпей, өнімді өзіміз шығарып, кейін шетелдерге қымбат бағамен бренд қылып сатамыз. Шетел ғалымдарын шақырғанмен олар ертеңгі күні негізгі өзінің өнерін үйретпейді де, тек сізден ақша табу жағдаймен кетіп қалады уақыты өткенен кейін. Ал өзіміздің мамандарды тәрбиелейтін болсақ ол өзіңді-өзің өлтірмейді ғой. Осындай қиын жағдайда алдыңғы шепте жүреді деп ойлаймын. Соның  мамандары бізде академия болып ашылуға дайын. Мұны мемлекетке қол жаймай мүмкіндігіне қарай көмектесу керек. Бір қолынан жең, бір қолынан басын шығарып бір адамға ғана салмақ тастамай соның барлығына ел болып көмектессек, сонда ынтымақ берекесі жарасқан елде бақ болады дейді ғой, онда бақытты қоғамға жетеміз деп ойлаймын.

– Емдік шипалы шөптермен қатар емдік шипалы сусындар да бар. Аға қазақ даласында түрлі ауруларға ем сулар тіпті сай-сайда, тау-тауда сарқырап ағып жатқан  бұлақ көздері де бар. Сонымен бірге мынау қасиетті жер қойнауынан қайнап ыстық су да шығып жатыр. Енді осы күнде мынау 100-ден астам жер анықталған екен осындай шипалы сулары бар, енді біз оларды әлі де болса кәдеге жарата алмай отырмыз. Бұның себебі неде?

– Негізінен шынымен де 30 жыл экономиканы көтереміз деп ұлтжандылықты ұмытып кеттік. Елдікті, отансүйгіштікті ұмытып кеттік. Бұл рухқа байланысты нәрсе. Сондықтан елін сүйген, жерін сүйген азаматтар кәсіпкерлер осыған ойлану керек еді. Мемлекет басшыларының төңірегінде рухты адамдар жүрсе көп нәрсе өзгерер еді. Ақылшылар соны ойланып кірісу керек еді. Оны айтып отырғаным жерімізде Алланың беріп тұрған 100-ден астам табиғи жер байлықтары шығады. Грузия елінде бір Баржоми суы бар. Бүкіл әлемнің брендты қылып экономикасын көтеріп отыр. Бізде Сарығаш пенен Жаркенттегі су, Арасан т.б. қасиетін көріп отырсыздар. Бірақ өкінішке орай, бәрін иеленіп алған. Халыққа да өнімдерді шығартуға мүмкіндік жасату керек. Бізде бір жаманы былай: мына тауар менікі деп, қалғандарын шығармайды. 100 түрлі табиғи су болса, сол жүзінің жүз ауруға емі болады: жүрек, өкпе, асқазан, ішек, бүйрек, бауыр, балалардың сал ауруына. «Ауру – астан, дау – қарындастан»  дейді ата-бабамыз. Денеміздің 60%-80% су яғни, таза мөлдір бұлақтың суы пайдалы суы бізге өте қажет.  Сондықтан біз Қазақстанның 109 элементтің бәрі табылған құнарлы қойнауынан шыққан минералды суларын бренд тауар қылып, әлемге танытуға кірісуіміз керек.

Бұл істе ғалымдарымыздың атағын, абыройын қоғамда күшейтіп, қолдап отыру керек. Небір болмайтын заттарын косметолгтар жарнама жасап өткізіп жатыр. Ал суды мемлекет болып қолдап шетелге шығаруымыз керек. Сонда біздің экономика өседі. Монополизм дегенді қою керек, соның кесірінен өсе алмай жатырмыз. Бір адам бір нәрсені сатып алады болды – ол өндірістің дамуына қаржы бөлмейді,өзінің қалтасы толса болды, қалғандарына мүмкіндік бермейді. Одан кейін тәртіп, жігер, нар болу керек. 100 судан 100 өнім шығады. Біздің байлардың нар болып жатқандары аз. Көбі айтады сіз осы пандемия болып жатқан кезде 700 адамға тегін дәрі әкеліп, көмек көрсетіп, беріп жатырсыз. «Сіз байсыз ба? Неге сатпайсыз?» дегендер де болды. Мен оны байлықтан емес нарлықтан жасадым. Нар адамдар көп  болса біз елді көркейтеміз, дамытамыз.

– Иә оны тілге тиек етеміз. Мемлекет болып қалыптасудағы ең басты жүйе ол білім беру жүйесі. Еліміздің оқу жүйесін мына Сингапурдағы білім беру жүйесімен салыстырсақ екі елдегі білім беру жүйесінде ерекшеліктер байқалады. Енді дамыған көшбасшы елдерде мектепке дейінгі жастағы балаларға ерекше көңіл бөледі. Ал бізде ше?

– Сіздің сөзіңізге мен әлеуметтік желіде жауап беріп өтпекшімін. Желіде журналист қарындастарымыз: «Мен баламның білімінен гөрі денсаулығына алаңдаймын. Пандемияның осы карантині бітіп мектепке жіберіп оқытып жатқаныммен олар қайта тұмаулатып ауырып жатыр. Тұмаудың алдын қайтып аламыз» деп айтып жатыр. Ең бірінші адамның денсаулығы тұрады. Бірақ білімді білім қылып істеу үшін ол адамға ұлтқа қызмет етуін біз біліммен байланыстырмауымыз керек. Мінезбен бекіту керек яғни рухани тәрбие – рухта. Сондықтан біз білім жүйесінде білім мамандарының талай майталмандары келді сіздің эфирге солардың құзырында деп ойлаймын. Ал мен дәрігер болсам да оқыдым. Орта мектепте болсын, университет, академия да болсын білімнен қашпадым. Негізгі тоқетер сөз: біз жүйелі түрде білімнің саласын шетелдегідей дамыған жүйесіне кірген жоқпыз. Өйткені біз жаңа өсіп келек жатқан балаға ағылшын, француз тілін үйретіп жатырмыз, негізі балаға өз ана тілін үйретіп, бала кезден өз ана тілінде ақпарат беріп өсіруіміз керек. Әйтпесе бала шатасады. Мысалы, Америкада баланың қолына өздері шығарған телефон айфон, айпадты бермейді екен. Ал біз балаға беріп қоямыз тыныш болса болды деп. Ол дұрыс емес телефон арқылы Даун ауруы пайда болады ол баланың миын тоқтатып, ойлау қаблетін жүйесін тежейді. Ол оңай нәрсеге қол жеткізетін роботтарды шығарып жатыр. Осыны шығарған адамдар оны өз баласының қолына ұстатпайды. Неге десеңіз ол үлкен құпия.

– Мен ойлаймын бізде ғалымдардың білім базасы өте мықты. Өйткені мен осы ғалымдардың өз ауыздарынан естідім, шетелдік ғалымдар біздің ғалымдардың мықтылығын деңгейін  мойындайды.

Сөзіңізге қосыламын. Жақында біздің мамандардың шығарған техникалық жұмысын Ресей мамандары бірге бірігіп жұмыс жасаймыз деп  алып алды да, білмеймін енді процентін берді ма, бірдеңе жасап өздеріне патенттеп алды. Сол сияқты ғылыми кітаптарымызды да сұрап жатыр. Сол үшін біз ғалымдарымызға көңіл бөліп, білім саласын, дәрігер, журналисттерді дұрыстасақ – негізгі қоғамдық күш осы мамандарда. Ал біз құқықтық мамандарға көп жағдай жасадық. Сіз білесіз, сот органдарын, судьяларды пәленбай ақшаға зейнетке шығарып жатырмыз. Қазір қоғамда екінің бірі юрист 4-5 мамандық бойынша диплом алып жұмыс жүр. Неге солар дәрігерлікті, мұғалімдікті оқымады, еркектер жоқ мұғалім болып жұмыс істеп жүрген. Балалардың мінезі қалай қалыптасады.

Мен Президентімізден үлкен үміт күтемін. Ол кісі халықаралық деңгейдегі дипломат адам, ол кісі білім жүйесін жүйелендіреді. Осы кісі тұрғанда бұл реформа дамиды. Сол үшін қоғамда қандай мамандық иелеріне сұраныс болған жағдайда сондай оқу орындары ашылып оған квота бөлінеді. Ал біз болмайтын нәрсеге база құрып алып милиондап квота бөліп аламыз да оқушыларды оқытып, ақша табамыз.Ол дұрыс емес деп ойлаймын.

– Дұрыс айтасыз аға. Сіз бір сөзіңізде айтып едіңіз ауру-сырқаудың пайда болуының бір себебі көңіл күйге тәуелді деп. Енді адамның көңіл күйі бір қалыпты болуы үшін мейірім шуақ керек солай емес пе? Бірақ ол үнемі бола бермейді ғой, аға.

– Енді мейірімділікті бірінші Алла берді ғой. Өйткені сіз таңда намазға оянған кезде мейірім-шуақ көңіл сыйлап отыр. Сондықтан мейірімділік деген нәрсе ол адамның тәрбиесіне байланысты болады. Қазір неге мына зұлымдықтар көбейіп кетті? Бейнебір күннің нұры азайып, жарық азайғанда қараңғылық басады ғой сол сияқты мейірімділік азайған жерде зұлымдық көбейе бастайды. Сол үшін біз мейірімді қоғам құруымыз керек. Ал мейірімді қоғам құру үшін әр көшеде, әр қалада мейірімділікті үгіттейтін ғұламалардың сөзін, жұмыс істегенде халқы үшін құрбан болған қаhармандардың, дана сөздерін, суреттерін іліп қойып әр қалаға ескерткіштерін жасап қою керек.

Мейірімдііктің өзі міне біздің ақ халатты дәрігерлердің өзінен алуға болады. Пандемия кезінде қаншама маман дәрігерлер ақ халатты абзал жандар қайтыс болды. Тіпті олар өзінің үйне бара алмады, солардың ішінде мен де болдым. Сонда оларға арнаулы ескерткіш құру керек. Ұлттың келешек дәрігер мамандары оқыған кезде солардың ескерткіштерін көріп, серт беріп болашақта солар мейірімге бөлеу керек қоғамды. Енді бізде мейірімділіктің жоқ болғанын өзіңіз білесіз: өзінің жанын құтқаратын маманға төмен қарап, ұрсысып, екінің бірі барып дәрігерлерді төмен дәрежеде санайтын еді. Ал қазір пандемия кімнің жақын екенін білдіртті. Сол дәрігерлердің мәртебесі көтерілсе, олар мейіріммен жұмыс жасайды. Сондықтан мейірімділіктің өзін үлкен бір пән ретінде оқыту керек деп ойлаймын. Адамда мейірім гармоны көп бөлінсе адамда жүрек қан тамыр аурулары жүйке рак аурулары болмайды, иммунитеті жоғары болады. Біз мейірімді болған қоғамда ғана бақ қонады алға басамыз. Мен Қазақ елінен сондай мейірімді ынтымағы бірлігі жарасқан ел болады деп күтемін.

– Жолдауда тағы да бір өзекті мәселе айтылды ол ана мен сәби денсаулығы назарға алынды. Ана мен сәби өлімінің көптігі жәнеде мынау сәби сүюге зар болып жүрген отбасылардың жағдайы тілге тиек етілді. Шешімі қалай табылатынын бас мамандар өздері бағыт беріп айтып жатыр дегенмен сіздің ойыңызды білгім келіп отыр?

– Бұған менің жобам бар. Бұл жобаны келешекте халық қолдап жатса шығарамыз. Қазір 20 жыл болды ғой 2 ай сайын  шығатын халықаралық «Жас-Ай» клиникасының жанында «Жас-Ай» журналы бар сол жерде осы тақырыпты қорғау бар. Қазір бізде тек ана мен бала қорғау орталығын бір жерден ашты да, сонымен шаруа бітті деп ойлаймыз. Олай емес, үйленетін  екі жастардың денсаулық жағдайын, яғни қуатын, суық тиген, қабыну ауруларын, бір-біріне сай келетін гормондарын тексеретін орталық медициналық клиникаларды да ашу керек деп ойлаймын. Неке куәлігін алмай тұрып осылай тексеріліп алса, туыстық қатынастықтары жоқ екендігіне көз жеткізіп үйленетін болса осы жастар дүниеге дені сау, кемтар емес мықты ұрпақты дүниеге көбейтіп әкеледі. Сонда медицина саласының салмағы да жеңілдейтін еді. Кейде мен таң қаламын: мына миллиард халқы бар елдерде сал ауруы жоқ. Ал бізде көбейіп бара жатыр. Мемлекеттік бағдарламамен емдеп жатырмыз дейміз, шашылып жатыр ақша далаға су сепкендей,иәр нәрсенің алдын алып ауырмайтын жол іздеу керек қой.

Жас ана болатын қыз және үйдің иесі болатын жігіт солар дұрыс шаңырақ құруға дайындалу керек. Денсаулығын тексертіп шаңырақ құру керек. Қазіргі таңда ойлы жастар ақшаны құр босқа тойға шашпайтын болды оның есесіне өзінің денсаулығына, отбасылық жағдайына жұмсайтын болды. Жастарымызда мейірім, бір-біріне деген ізгі ниеті құрметі және шынайы махабаты болса, сонда ғана ана мен сәби мәселесі шешіліп жақсарады.  

– Және президентіміз айтты ғой кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс деді. Бұл ойда сіздің айтып отырған мәселенің түйіні сауатсыздыққа, әдепке барып тіреліп тұр. Осы жағдайға не айтасыз, басты тәрбие қалай басталу керек?

– Басты тәрбие негізі – «қызға қырық үйден тыйым» жасайтын ата-анасының тәрбиесі. Абай атамыз айтқандай «адам баласының білімді, саналы, өнерлі, сау денелі, жеңімпаз дана болуы бірінші оның тегінен емес ол үш адамның әсеріне байланысты болады дейді. Бірінші, ата-анасының тәрбиесі, екіншісі ұстазы, үшінші, оның жүрген ортасы» яғни құрбылары, жолдастары, осы үшеуінен жұққан тәрбие ол адамға қонады дейді. Бірақ тағы бір нәрсе бар қайсысын қаттырақ жақсы көреді сол адамның мінезі мен тәрбиесі жұғады. Сондықтан біз ұстаздар қауымын мықты ұстауымыз қажет.  Қазір неге білім саласында әйелдер көп жүр, неге еркектерге жақсы білімді ғұлама ғалымдарға айтқан дана сөздерін сабақ қылып лекция етіп тыңдатпайды, неге патриот дәрігер болып істеп жүрген ғалымдарды неге тартпайды? Бастауыш сыныптарға шақырып, сабақ бергізбейді. Шетелге еліктей бермеу керек. Ата-бабаларымыз кезінде ақсақалдардың сөзін тыңдаған, ондай нәрсе қазір жоқ болып бара жатыр. Халықтың санасы сіз бен біздің осында отырып айтқан сөздерімізден өзгермейді: жыртық шалбар, қысқа киім киетіндер көбейе береді.

– «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» дейді. Әрине айтуға оңай дегенмен де зор денсаулық болу үшін қандай ақыл кеңес айтасыз қысқа да нұсқа жауап беріп кетсеңіз?

– Денсаулық өзі үш бөліктен тұрады. Адамда тән, жан, рух болады. Ал осы үшеуін қамтитын энергетика көзі бар күн, ай, жұлдыз, жер шары және адамның рухы Алладан берілген. Осының барлығы толыққанды жұмыс істегенде ол адам сау денелі болады. Бұрын Советтік жүйедегі дәрігерлер тәнді ғана мойындап келді. Ал біз тәнмен қатар жан сауығуы, одан соң рух өз деңгейінде болу керек деп санаймыз. Жанды шыбынға теңеген ата-бабамыз қандай данышпан болған. Ол жан қайда кетеді? Ол қалай сауығады? Рух қайда? Сондықтан тән-жан-рухтың айырмашылығын нақты білетін, өзгелерге түсіндіретін, үшеуін де бірдей айықтыратын шипагерлер және данагөй ғалымдар керек. Солардың сөзі жиі-жиі берілсе деймін. Кітаптарын қазір сатылымға да шығармай жүр. Ақшалары жоқ, бюджеттен ештеңе бөлінбейді. Дана, нағыз тұлға адамдарды қолдайтын орталықтарды ашып, жағдайларын жасаса біз келешекте дамыған 30 ел емес, ең алдыңғы 3 елдің қатарына өтетін бірден бір мемлекет боламыз. Қазақстанның өзінен шығып жатқан тауарларды бренд қылып өзімізден бастап дәріптесек, біз шетелден шығып жатқан өнімдердің бәрінен асып кетеміз деп ойлаймын.

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

Гүлнұр Омарханқызы,
Бағдарламаның авторы әрі жүргізуші-редакторы