Корона вирусқа қарсы екпе алудың маңызы және көңіл бөлетін істер


Корона вирусқа қарсы екпе алудың маңызы және көңіл бөлетін жағдайлар

 

Вакцинаны қандай адамдар ектіреді?

18-59 жас аралығындағылар, 60 жастан асқан созылмалы аурулары жоқ қаттар

Бір тұтас екпе алу кезінде ақы алына ма?

Бір тұтас екпе алу кезінде тұрғындардан, мекеме орындардан ақы талап етіліп жатқан жоқ.

Корона вирусқа қарсы вакцинаның қауіпсіздігі қандай, неше рет қойылады?

Қазірге дейін қойылып жатқан вакциналардың адам ағзасына аса қауіптілігі туралы ақпарат жоқ. Вакцина білек бұлшық етіне қойылады. Екпені алғаш алған соң 21 күннен кейін қайта салғызғанда ғана өнімді болады.

Екпе қабылдау кезінде нелерге көңіл бөлеміз, кімдер вакцина алмай-ақ қойса болады?

  • Корона вирусқа қазір немесе бұрын шалдыққан науқастар
  • Ауру белгісі жоқ жұқтырушылар
  • Дәрімен тежелмейтін жоғары қан қысымы ауруына шалдыққандар
  • Қант диабеті бар адамдар
  • Талма ауруы барлар
  • Жүйке жүйесі дұрыс болмағандар немесе нерв харектірлі дертке шалдыққандар
  • Қан пластинкасы төмендегендер
  • Қан тоқтамау сияқты дертке шалдыққандар
  • Иммундық жүйесі бұзылғандар немесе ауруға қарсылық қуаты өте төмендер
  • 14 күн ішінде басқа вакцина салынғандар
  •  28 күн ішінде басқа екпе түрін алып, жайсыздық сезінгендер

 

Вакцина қойдырған соң нелерге көңіл бөлу керек?

  • Вакцина қабылдап болған соң, жарты сағат көлемінде сол мекемеден ұзап кетпеу. Басқа белгі болмаған жағдайда ғана кету
  • Екпе алу кезінде пайдаланылған заттарды белталбаты тастамай медициналық қоқыс сандықтарына салып кету
  • 3 күн ішінде моншаға түспеу
  • 4-5 күн спирттік ішімдіктер ішпеу
  • Ағзаға аса ауыр салмақ түсіретін әрекеттерден уақытша аулақ болу
  • Үйге жеткен соң жайсызданса, дене температурасы көтерілсе бірден емханаға барып мән-жайды білу
  • Екпе алып жатқанда, жақын аралықта өзге вакциналар қабылдаған болсаңыз немесе ауырып  күшті укол-дәрі қабылдасаңыз дәрігерге ескертіп айту
  • Гормондық дәрі-дәрмектерді жиі қабылдап вакцина әсерін төмендетуден сақ болыңыз
  • 3 ай көлемінде жүктіліктен сақтана тұру
  • Вакцинаны дәрігер белгілеген уақытта қойдыру, қажетті куәліктерді ұмытпу
  • Аш құрсақ әлсіз күйде екпе алудан уқытша сақтану
  • Екпені екі рет қабылдаған соң адамда корона вирусқа қарсы иммундық жүйе қалыптасады да жұғымдану қатері төмендейді. Алайда ешқандай вакцинаның қорғау рөлі 100 пайыз болмайды. Сондықтан маска тағу, әлеуметтік орындарда ара қашықтықты сақтау, жеке бастың гигенасына көңіл бөлу сынды тәртіптерге көңіл бөлгенде ғана толық өнімділікке қол жеткізуге болады.