Медициналық банкалар


Медициналық банкалар- белгілі бір жерде қан құйылысын тудыру мақсатында медицинада қолданылатын алмұрт тәрізді шыны ыдыс. Банкамен өткерілетін ем-шара ағзадан суықты шығарып, қан айналысын жақсартады. Қан қысымын тұрақтандырады, зат алмасу процесін жақсартады. Капиллярлардағы қан айналысын жақсартады, эритроциттер функциясын оңалтады, ісікті, домбығуды кетіреді. Мұның өзі бойдағы күш-қуатты қалпына келтіреді.

Аурудан айықтыру амалдары: банкалар, қыздыра және тітіркендіре келе, қан тамырларын кеңейтеді, қан айналысын жақсартады және толығымен қан құюдай әсер етеді. Қандағы залалды заттарды аластатады. Қан тамырларының икемділігі жақсара, организмнің қорғаныс қабілеті жетіле түседі. Ағзада реттеліс қалпына келеді, тепе-теңдік орнығады, организмнің өзіне өзі қызмет етуі жақсарады және церебралдық рефлекстері оңала түседі.

Табиғи өсімдіктерден әзірленген препараттар: таблеткалар, ұнтақтар, сироптар. Олар организмге оң әсерін тигізеді, тез сіңіріледі. Аллергиялық әсері төмен болады.