Алма жесеңіз жасарасыз


            Соңғы жылдары Улыбританияның Норрич қаласындағы Тағам зерттеу институтының ғалымдары алманы тұрақты турде жеп жүру адам ағзасын жасартып өмірін ұзартатыны туралы өз жаңалықтарын жариялады. Алма жемісінің құрамында жүрек жұмысын жақсартып, қан айналымының қалыпты болуын және иммундық жүйенің қорғаныштық қабілетін күшейтетін ерекше «эпикатехин полифенол» деген күрделі қосылыстың болатынын анықтады. Алма жемісінің құрамындағы бұл қосылыс инфаркт немесе инсульт деп аталатын жүрек ауруларына едәуір тосқауыл жасайды екен.

дереккөз: https://www.uniface.kz/