Көз – аязға тоңбайтын, үсімейтін бірден-бір сезім мүшесі. Өйткені, оның беткі қабатында температураға сезімтал жүйке талшықтары жоқ. Ал көз жасының құрамындағы тұз көзді тым төмен температураның өзінде былқ еткізбейді және аяз алқымнан алғанда көз қан тамырларының қан айналымы күшейе түсіп, көздің өз температурасы жоғарылай түседі.
Ал егер көзіңіз қызарып, тоқтамай жас парлап, жарықтан жасқансаңыз, іріңдеп, жаныңызға батып ауырса – коньюктивит болуы да мүмкін. Дереу дәрігерге жүгінген жөн. Жалпы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша әлемде 135 млн. адамның көздерінде ақаулар бар екен. Елімізде шамамен 1 миллионнан астам адам түрлі көз ауруларына шалдыққан. Сондықтан, көздің күтіміне көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Күзгі уақытта кең тараған көз ауруларының бірі бұл – дәнекер қабықтың жедел қабынуы, яғни, коньюктивит. Әсіресе, аденовирустық коньюктивиттер өте жұқпалы болып келеді. Сондықтан, бұл аурудың алдын алу шараларының барысында жеке гигиенаны сақтау маңызды.
Коньюктивит – бұл көз ауруларының ішінде жиі кездесетіні. Дәрігерлердің дерегіне сенсек, көз ауруларының 30 пайызын құрайды. Ол көз қарашығының қызаруы, шырышты немесе іріңді заттардың бөлініп, көзден жас ағуы және көздің түйіліп ауыруы сияқты белгілерімен сипатталады. Аденовирустық коньюктивитті емдеу барысында бүгінгі таңда біз арнайы антивирустық көз тамшыларын қолданамыз. Антибактериалды және гормоналды, сонымен қатар, көзді ылғалдандыратын дәрі-дәрмектер де қолданылады. Көз ауруының мұндай түріне шалдыққан адамды дер кезінде оқшаулау қажет. Себебі, коньюктивит жұқпалы болғандықтан қарым-қатынас арқылы бірден-бірге тез тарайды. Ал оны үй жағдайда емдеудің де түрлі тәсілі бар екен. Үлкен кісілер немерелері дәл осындай дертке шалдыққанда баланың өз зәрін қолдану арқылы емдейтінін білеміз. Дегенмен, дәстүрлі медицина дәреттің дерттен айықтыратындығына күмәнмен қарайды. Дәстүрлі медицина жабайы тәсілмен жасалған емдер тұрмақ, көз ауруына арналған түрлі тамшылардың өзін дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалану керек дейді. Расында да, небәрі бір-екі аптаға ғана созылатын көз ауруының бұл түріне шыдамдылық танытып, салғырт қарайтынымыз жасырын емес. Алайда, асқынған аурудың салдарынан көздің қасаң қабығы зақымданса, көру қабілетіңіздің де төмендейтінін ескерген жөн.
Инетерапиямен емделетін көз аурулары: миопия, гиперметропия, астигматизм, катаракта мен глаукоманың алғашқы сатылары.
Инетерапияда қолданылатын ине нүктелері:
V 1 Цин-мин;
E 1 Чен-ци;
E 2 Сы-бай;
V 2 Цюань-чжу;
V 3 Мэй-чун;
T 20 Бай-хуэй;
TR 23 Сы-чжы-кун;
TB 1 Тун-цзы-ляо;
VB 20 Фэн-чи;
E 36 Цзу-сань-ли.