|
Соңғы уақытта қоғамда денсаулықты қалыпты ұстау үшін суды көп ішу қажет деген пікір қалыптасып келеді. Ал, іс жүзінде кез келген дәрігер сізге күніне 2 литр су ішу жеткілікті екенін айтады. Одан артық ішкен суыңыз бүйрекке артық салмақ салады. Сондай-ақ, бұл жерде ең бастысы – суды қандай көлемде емес, қай кезде ішу қажет екенін естен шығармау. |