Зерттеу: малдас құрып отырудың денсаулыққа пайдасы қандай?


    Ғалымдар тамақ ішкен кезде малдас құрып отырудың пайдалы екенін айтады. Яғни жаппай екі аяқты салақтатып, биік үстелде отырып тамақ ішкеннен, дастарханды тегіс жерге жайып, малдас құрып отырып ас ішу ағзаға әлде қайда пайдалы болып шықты.

   1. Малдас құрып отырып тамақ ішу, қыз-келіншектер жиі аңсайтын йогамен айналысқанмен бірдей қан айналымға жақсы әсер етеді. Осылайнаш үнемі дене мен миды босаңсытса, одамға аса жағымды әсері болады.

   2.  Ас қорыту жүйесіне қолайлы. Адам малдас құрып отырғанда еңкейіп, тіктелу арқылы құрсау аумағы бұлшық етін қозғалысқа келтіреді. Бұл кезде астың асқазан сөлімен араласуы, асқазан мен ішектің дұрыс қозғалуы жақсарады.

   3. Малдас құрып отыруға әдеттенген дене иілгіш болады. ағза толық қуаттанады, тізе, сегізкөз, сан бұлшық еті, омыртқа, иық, кеуде қуысы аумақтарының бұлшық еті жұмысын жақсартады.

   4. Осындай босаңсыу арықылы дене мен ми тыныштанады. Адам өзге ойларға берілмей, ықыласты түрде тамаққа назар аударатын болады. ол тойынғанын дұрыс сезінеді. Өйткені ол тамақты асығыс емес, баяу қабылдайды.

   5. Ғалымдар еденде үстел басын айнала малдас құрып отырып, ас ішудің отбасылық ынтымаққа жақсы әсер ететініне көз жеткізген. Отбасы мүшелері дастархан басында осылай отырған кезде, көп ортақ мәселелер төңірегінде әңгімелесіп, ақылдасуына мүмкіндік қана емес, жайлы қолайлы жағдай туындайды екен.

Дереккөз: Денсаулығым-байлығым ютуб арнасынан