Жүрек қан тамыры ауруларына қатысты негізгі фактілер – Жүрек қан тамырлары ауруы әлем бойынша өлім санын арттырып, жыл сайын осы ауруға шалдығатын адамдар қатары жылдам өсуде; – 2008 жылы жүргізілген санақ бойынша, жүрек қан тамырлары ауруынан әлемде 17,3 миллион адам қайтыс болған. Бұл жер шары халқының 30%-ын құрайды. 7,3 миллион адам ишемиялық аурудан, және 6,2 миллион адам инсульттің нәтижесінде қайтыс болған; – Бұл ауру көбінесе халқының жалақысы аз мемлекеттерде жиі кездеседі; – Ғалымдардың болжауынша, 2030 жылы осы аурудан 23,3 миллион адам көз жұмады; – Онымен табак өнімдерінен бас тарту, дұрыс тамақтану, майсыз тағамдарды тұтыну, физикалық белсенділікті арттыру, қан қысымын төмендету, диабеттен сақтану және липидтердің деңгейін төмендету арқылы күресуге болады; – Жыл сайын 9,4 миллион өлімнің 16,5%-ына қан қысымының көтерілуі себепші. Жүрек қан тамырлары ауруы дегеніміз не? Оған төмендегідей аурулар кіреді: – Жүректің ишемикалық ауруы – жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етіп отыратын қан тасымалдаушы тамырлардың зақымдалуы; – Бас қан тамырларының ауруы – миға қан тасымалдайтын тамырдың зақымдалуы; – Перифериялық артерия ауруы – аяқ пен қолға қан тасымалдайтын қан тасымалдаушы тамырлардың ауруы; – Ревмокардит – стрептокок бактерияларының ревматикалық шабуылының нәтижесінде жүрек бұлшық еті мен жүрек клапанының зақымдалуы; – Туа біткен жүрек ақауы – баланың дүниеге келген шағынан жүрегінің деформациялануы; – Терең тамырлардың тромбозы және өкпе эмболиясы – жүрек пен өкпеге жететін қанды тасымалдайтын аяқ қан тамырларында қанның ұйып қалуы; Инфаркт пен инсульт, әдетте, жүрек пен миға баратын тамырлар бітеліп қалған кезде мазалайды.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/21105/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Қолданылатын ине терапия нүктелері:
J 17 Тань-чжун;
V 15 Синь-шу;
MC 6Нэй-гуань;
C7Шэнь-мэнь;
E 36 Цзу-сань-ли;
RP 6 Сань-инь-цзяо;
GI 4 Хэ-гу;
GI 11 Цюй-чи;
C 5 Тун-ли;
MC 7 Да-лин.