Буын аурулары өте көп, бірақ осы көптеген ауруларды қарастыратын болсақ, бір өте маңызды жағдайды есте ұстаған жөн: аурулардың бір бөлігі өз бетіеше ауру болып табылса, басқа бір бөлігі қандай да бір аурудың белгісі болып табылады. Бірінші жағдайда буын аурулары бүкіл симптоматиканы білдіреді: буынның ағымы мен болжамы, буынның зақымдануларының мінездемесімен байқалуына байланысты, ал барлық емдік шаралар бірінші орында буындардағы патологиялық дәрісті басуға бағытталған. Екінші жағдайда буынның зақымданулары қандайда бір аурудың тек қана белгілері болып табылады. Бірақта аурудың ағымы, оның болжамы сияқты буын зақымдануымен емес негізні ауруы бойынша анықталады және барлық емдік шаралар осы ауруды емдеуге бағытталады. Осы тарауда жеке ауру болып табылатын буын аурулары қарастырылады. Барлық буын аурулары буындарда болатын патологиялық дәрістің сипаттамасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді: артриттер мен артроздарға. Артрит – бұл сырқат негізінен буынның синовиалды қабатында дамитын, буын шеміршегінде және буын айналасындағы тіндерде болатын қабыну дәрісі. Кейде буынның қуысында қабынудан пайда болған сұйықтықтар болады. Мұндай аурудың мысалы ретінде ревматоидты артритті айтуға болады. Артроз – бұл сырқаттың негізінде алмасу – дистрофиялық дәрістер және де шеміршектің семуі, сүйек тінінің сиреуі (остеопороз), сүйек тініндегі жаңадан пайда болған түзілістер, тінніңбуынның, буын қабыршағының айналасына кальций тұздарының жиналуы жатыр. Оның мысалы ретінде деформациялағыш остеоартрозды айтуға болады.
Негізгі клиникалық белгілері
Әрбір аурудың клиникалық көрінісі патологиялық дәрістің сипаттамасымен және қандай да бір буындарға оның таралуымен анықталады. Бірақта әртүрлі буын зақымдануларының жалпы бірнеше белгілері бар.
Буынның ауырсынуы–буын ауруларының негізінен басты белгісі деп айтуға болады. Ауырсыну буындардағы патологиялық дәріспен (шеміршек, синовалды қабат, буын қалтасы), сонымен қатар буын айналасындағы тіндердің, сіңірлердің, сіңір ылғалдаушылардың зақымданулары мен шақырылады. Ауырсынудың пайда болуына механикалық мәнбірлерде нақты әсер етуі мүмкін, яғни буындарға физикалық күштің түсуі, сіңір байламдарының созылуы, синовиалды қабаттың сүйектегі өсінділер - остеофидтер мен тітіркенуі және буынның өзінде немесе буын айналасындағы тіндерде қабыну дәрісінің дамуы. Ауырсыну уақытына және пайда болу жағдайына, ұзақтығы мен интенсивтігіне байланысты бөлінеді.
Буынның ісінуі буын зақымданғанның екінші маңызды белгісі болып табылады. Ол буынды қоршап тұрған синовиалдық қабатпен жұмсақ тіндерде қабыну ісігі пайда болуымен түсіндіріледі, ал кейбір жағдайларда буынның қуысында сары судың пайда болуына байланысты. Буынның ісінуі және де синовиалды қабаттың гипертрофиясы мен буын маңындағы тіндердің фиброзды – қатаюы буын пішінінің өзгеруіне әкеп соғады. Буынның қисаюын, пішінінің өзгеруін сүйектердің өсулері, буын шетіндегі сүйектердің деструциясы, бұлшық ет байлам аппараттарының зақымданулары және шығып кетулермен түсіндіруге болады. Оған тән мысал ретінде ревматоидты артриттегі саусақтардың қисаюы және де қолдың дисталдық фаланга аралық буын маңайында сүйек өсінділерінің пайда болуын айтуға болады (Бушар түйіндері). Зақымданған буынның үстіндегі теріде қабыну дәрісі дамығанда дене қызуы көтеріледі. Тері түсінің өзгеруіне (қызаруына) де көңіл бөлу керек. Буындардағы қозғалыстың шектелуі – ондағы патологиялық өзгерістің дамуының ең маңызды белгісі. Буындардың ішінде фиброзды және сүйек өсінділерінің пайда болуы буындардағы қозғалыстың толық шектелуіне әкеледі (шорбуын). Буындардағы сіңір байлам аппаратының зақымдалуы, буын қапшықтарының, кілегей қалталардың бұлшық ет шандырларының зақымданулары да буын ауруларының белгілеріне жатады. Бұндай зақымданулар буынды сипағанда ісінумен, ауырсыну мен байқалады. Буындардың патологиялық өзгерістерінде бұлшық еттің семуі және әлсіздігі білінеді. Кейбір жағдайларда бұлшық еттердің семуі ауырған буындағы қозғалыстың шектелгенінде пайда болады (мысалы жамбас сан буынның зақымдануында санның бұлшық етінің семуі). Кейбір жағдайларда буында дамитын қабыну дәрісі буынның жанында жатқан бұлшық еттерді де зақымдайды, қабыну дәрісі ұзаққа созылғанда бұлшық еттердің сему дәрісінеұшыратады. Қабынуы бар буын ауруларында науқастардың дене қызуы көтеріледі, ал буындардағы алмасу – дистрофиялық өзгерістерде дене қызуы қалыпта. Буындардың қабыну сырқаттарының қозу кезеңінде қанда нейтрофильді лейкоцитоз байқалады, сонымен қатар фибриноген деңгейі жоғарылайды, ақуыз фракциясы өзгереді, ЭТЖ артады.
Сорбуын (артрит)
Буын қабынуының сүйекке зақым келтіретін түрі сорбуын деп аталады. Егер адамның ішкі құрылыстары белгілі бір мерзімде қалыпты жұмыс ырғағын бұзса, буындары міндетті түрде ауыратын болады. Оны болдырмау әр адамның өз қолында. Адам жүріп-тұруды, күнделікті қозғалыс тәртібін сақтай отырып, өзін-өзі уқалап сылауды, моншаға түсіп, ыстық буға отыруды әдетке айналдырса, денесіндегі айналыс заңын қадағалап отырса – аурудың алды алынады деген сөз.
Буынның ұсақ және орташа қабынуы, яғни ревматоидты сорбуын жалғастырушы жасушаны зақымдайды. Бұл буындардың қалыпты жұмысын бұзып, қисайтады. Сіңірлер мен бұлшықетті зақымдайды. Ревматизмнің өзі үлкен буындардың жұмыс ырғағын бұзады. Бұл сабақтас аурулардың барлығы бірін-бірі асқындыру арқылы адамның ауруға қарсыласу қабілетін әлсіретеді.
Шорбуын (артроз) негізінде ағзаға қоректік заттың сіңбеуінен еттің ауруы жатыр. Демек сүйек зат алмасуының кемуі буын арасындағы сұйықтық құрамында тұз бен зәр қышқылының енуі ауыру тудырады. Сырқаттың бұл түрі 55 жастан соң көбірек кездеседі. Түнге қарай ауру белгілері күшейіп, буынның күтірлеуі байқалады. Таңертең тұрған кезде тізенің иілу қабілеті азаяды. Кешке қарай жүріп-түру жеңілдейді. Әдетте, алғашқы қадам ауыр басталып, жүре келе оңала бастайды. Отырып демалған кезде ауру жоғалады.
Коксартроз – жамбас буындарының зақымдалуы. Бұл көбінесе жастың ұлғаюы салдарынан буын шеміршектерінің бұзылуы. Буын сүйектерінің жасушалары бүлінеді. Адам жүрген кезде ауру ұлғайып, буынның иіліп-бүгілуі, қозғалуы қиындайды.
Остеоартроз – жалпы сүйек құрылысының ауруы. Мұндай ауру сүйектің тығыздығын кемітеді. Тығыздығы кеміген сүйек сынғыш келеді. Бұл сырқатқа көбінесе әйелдер етеккірі тоқтайтын кезде жолығады. Өйткені аталған мезгілде әйел ағзасында гормондар мен минералдық заттардың алмасуы өзгереді.
Подагра – адам бойындағы айналыс заңының бұзылуынан туындайды. Уақыт өте келе адам, ағзасындағы тұздардың бөлініп шығуы кешеуілдесе ішкі мүшелердің ақуыз айналысын бұзып, сүзу қабілетін төмендетеді. Подагралық сорбуынның асқынуы буындарды ісіндіріп, қатты ауыртады. Ол екі аптаға созылады. Кейін қайталайды.
Буын ауруының басында натрийдің бейтараптануы тұрады. Натрийдің жетіспеуінен буынның қозғалу қабілеті кемиді. Оны толықтыратындар – ешкінің сүті, сүттің сарысуы, бұзау сүйектерінің сорпасы, қырыққабат шырыны, сельдерей тамыры сияқтылар. Ауырған буынды балмен сылап, қырыққабаттың үшінші жапырағын жұмсартып, бал жағып орап тастайды. 3-4 сағат өткен соң алып тастайды да жуып сүртеді. 10 күн бойы күніне үш реттен жасап, кейін күнараға ауысады.
Қолданылатын ине терапия нүктелері:
GI 4 Хэ-гу;
GI 11 Цюй-чи;
T 14Да-чжуй;
VB 31Фэн-ши,
T 36Цзу-сань-ли;
V 40Иэй-чжун;
VB 30Хуань;
VB 34Ян-лин-цуань;
E 35 Ду-би;
E 40 Фэн-лун.