Құттықтаймыз


Қазақстан Республикасы президентін сайлау науқаны кезінде қазіргі президент Қ.Жомарт Тоқаевтің сенімді өкілі ретінде тіркеліп, сайлау алды үгіт-нәсихат қимылдарын белсенді жүргізіп, нәтижелі қызмет атқарғаны үшін «Жас-Ай» медицина орталығының директоры, академик Жасан Зекейұлы «Белсенді қызметі үшін» арнаулы төсбелгімен марапатталды.  

Жасан Зекейұлы «Аманат» партиясының мүшелерін бастап, аз күннің ішінде 40-тан астам мекемелерге арнаулы барып, ұлт болашағы үшін азаматтардың дұрыс шешім қабылдап, өз болашақтары жолында дұрыс талдау жасауына ат салысты. Әрі парияның түрлі іс-шараларына қалмай қатысып, қоғамдық саяси қайраткерлік пен біліктілік таныта білді. Сондай-ақ, Жасан Зекейұлының ұлты үшін  қоғамдық салада қазірге дейін атқарып келе жатқан ауқымды, сапалы қызметтері ескеріліп, «Аманат» партиясы атынан «Белсенді қызме үшін» төсбелгісін Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Е.Қошанов арнаулы табыстады.

Еліміздің денсаулық сақтау саласына бар қажыр-қайратын арнап, талмай еңбек етіп келе жатқан орталық басшысы м.ғ.д., профессор Жасан Зекейұлын кезекті марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.