Таяқшамен тамақ жеудің пайдасы неде?


    Шығыс елдерінің кейбірінде тамақты таяқшамен жейтіні белгілі. Таяқшамен тамақ жеудің қандай да бір артықшылықтары бар ма?
    Сонау көне замандардан бері Қытай, Жапония, Корея  халқы тамақты арнайы таяқшалармен жеуге дағдыланған. Олар үшін асхананың ең қажетті құралын ағаш­тың кез келген түрінен жасай салу өте ыңғайлы болған екен. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, тамақты таяқ­шамен жеу денсаулыққа пайдалы көрі­неді. Мысалы, таяқшамен тек ауызға сияр­лық, шайнауға ыңғайлы мөлшерде ғана тамақ жейсіз. Дененің түрлі нүк­те­лерін кәсіби түрде уқалап емдейтін қы­тайлықтар тамақты таяқшамен жегенде адамның қолындағы өте маңызды қы­рық нүкте қимылдау арқылы ағзаға пай­дасын тигізетінін алға тартады. Атал­ған елдерде таяқшаның маңыздылығы сон­ша­лық – оны жаңа отау құрған жастар­ға жұптары жазылмасын деген тілекпен сыйлайды екен. Сондай-ақ жас нәресте­нің туылғанына жүз күн толғанда да таяқ­ша сыйлау дәстүрге айналған. Таяқ­шалар бүгінде ағаштан, сүйектен, тіпті металдан да жасалады.

https://alashainasy.kz/