Қан қысымын дәрісіз түсіретін көкөністер


    Дәрігерлер жоғары қан қысымымен тек дәрінің көмегімен ғана емес, күнделікті әдеттерді өзгерту арқылы да күресуге болатынын айтады. Сонда өмір сүру сапасы жақсарады. Ол үшін күнделікті тағамдар қатарына белгілі бір өнімдерді қосу жеткілікті.

   Нитраттардың күтпеген пайдасы

    Диетолог  Т. Дж. Уотерфоллдың айтуынша, нитраттар мен нитриттерге бай өсімдік тағамдары қан тамырларының жұмысын жақсартады. Ағзадағы бұл қосылыстар азот оксидіне айналып қан тамырлар тонусын төмендетеді. Оның әсерінен тамырлар кеңейеді, қанмен қамтамасыз ету жақсарады және қысым бірте-бірте төмендейді.

   «Өсімдік өнімдерінің құрамындағы нитраттарды өңделген етке қосылатын нитраттармен шатастырмау керек. Олар ет дәмін жақсартып, ұзақ уақыт жарамдылығын сақтайды. Етте нитраттар канцерогенге айналады», –  дейді маман.

   Нитраттар – өсімдік ұлпаларына агрохимиялық тыңайтқыштар енгізілмеген жағдайда да топырақтан табиғи жолмен түсетін азотты қосылыстар.

   Тамыр дақылдарында нитраттардың ең жоғары концентрациясы мына көкөністерде кездеседі:

• қызылша;

• балдыркөк;

• аскөк;

• пияз;

• ақжелкен;

• Қытай қырыққабаты;

• орамжапырақ.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.k