Қартайғанда сүйген баланың жасы ұзақ болады


      Америкалық ғалымдар егде жаста әке болғандардың балалары ұзақ жасайтынын анықтады. Сараптамалық жұмыс барысында 1800-ге жуық адам тексерістен өткен.
     Аме­рика­лық ­ генетик-ғалымдар «бала ұрық­тан­ған кезде ер адамның жасы неғұр­лым үлкен болса, болашақ дүниеге келетін баласының ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі көбірек» деп санайды. Уақыт өте келе ер адамның спермасы өзгеріп, ұзақ өмір сүруге алып келетін генетикалық код пайда болады. Ол қасиет одан кейін бала­ла­ры мен не­мерелеріне бе­рі­леді. 1779 адамның ДНК-сын зерт­тей келе ғалымдар осындай шешімге келген. Ал гене­тик­тер «егер ер адам үлкейген шағында әке атанса, бұл оның баласының ден­саулығының мықты болуына мүмкін­дік береді» деп есептейді. Адамдар мүмкін­ді­гінше бала тууды кейінге қал­­дырады. Осы­лай­ша, ұрпағына берілетін дене өлше­мі (хромосоманың мөлшері) үлкейе береді екен. «Демек, одан кейінгі ұр­пақ­тарының өмір сүру ұзақтығы адам­ның қаншалықты ұл­ғайған шағында ұрықтандырғанына байланысты бол­мақ», – дейді Нью­ка­сл университетінің профессоры Томас фон Гжински.

Дереккөз: https://alashainasy.kz/