СПА- сумен байланысты физиотерапия амалы. Бұл жылы теңіз, минералдық не тұщы суға, теңіз балдырына, емдік қасиеті бар шөпке және емдік балшыққа негізделген кешенді ем түрі. Бұл ем түрі денені нығайта түседі.
Фитобөшке – кәдуілігі ағаштан жасалған кішігірім таза ванна.Фитобөшкенің ішінен емдік қасиеті бар шөп пен шипалы май хош иісі сіңірілген бу берілген соң дене бусанады. Мұндай ем шарасы тек ересек ауруларға ғана емес, балаларға сондай-ақ жүрегі ауыратын науқастарға да қолданылады.