Ағымдағы жылдың қазан айының 28-і мен қарашаның 4-і аралығында Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарының сұраулары бойынша , ұзақ жолды көтере алмайтын әсіресе түрлі қиын жағдайдағы науқастарға «Жас –Ай» халықаралық медицина орталығының бас дәрігері , Медицина Ғылымдарының Докторы, Профессор, академик Әлемдегі үздік дәрігер Жасан Зекейұлы арнаулы қабылдау жүргізді.
Қабылдауға келген науқастарға арнайы емдік терапиялар: тамыр ұстау арқылы диагноз қою, дәстүрлі ерекше жоғары дәрежедегі емдер ,алтын инетерапия, 18 түрлі емдік шөптермен қыздыру, пульт зушин аппараты,тибеттік тәбиғи таспен қыздыру, магнитті банкілер қою, қан алу процедурасы,(қан алу терапиясы) 80 түрлі май жағу процедурасы, бел омыртқа жарық түрлі тізе буын ауруларына жоғары санаттағы емдік тағы да басқада қажетті емдік шаралар жасалды.
«Осы Шымкент сапарында ұзақ уақыттан бері ауру зардабынан, кейбіреулерінің диагнозы анықталмағандықтан, емдеу бағыттары дұрыс жасалынбаған науқастардың өтініштерінің саны көп болғаны, мені дәрігер ретінде қатты алаңдатады. Маған, біздің «Жас Ай» халықаралық медицина орталығына осындай ұсыныстар еліміздің аймақтарынан көптеп түсуде. Алдағы уақытта ұлт денсаулығының жағдайымен танысу мақсатында аймақтарға баруды жоспарлап отырмын. «Ұлт денсаулығы-Мемлекеттің болашағы!», Ұлт денсаулығы – ұлттық дамудың басты құндылығы! Денсаулық – бұл әр адамның және бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші! Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Жаңа, Әділетті Қазақстанның қалыптасуына қосып жатқан үлесіміз деп қабылдаңыздар»- деді өз сөзінде Мемлекет және қоғам қайраткері, заманауый және дәстүрлі медицина академигі #Жасан_Зекейұлы.