Ішекті тазалау
Ең қарапайым түрі кебекпен(кейбір жерлерде ұрпақ дейді) тазалау. Кебекте жасаушалар көп мөлшерде болады. Суға араласқан жасаушалар бірден бөгіп-көлемі ұлғая бастайды.Осылайша ішекті керіп ондағы жабысып тұрған қақтар: холестерин, тамақ қалдықтары, ауыр металдардың тұздары, радионуклидтер және басқа зяинды нәрселердің сыртқа шығуына жақсы себепкер болады
Бір ай бойы 1 ас қасық кебекті 3 рет, (10-15 мин) тамақтың алдында қабылдап отырыңыз. 1-2 стакан суды артынан міндетті түрде ішкеніңіз дұрыс. Судың орнына минералды сусын немесе сұйық шай ішсеңіз де болады.
Кебектің мөлшерін ұлғайтудың қажеті жоқ. Бір күнде 6 ас қасықтан артпауы керек. Бұндай тазартуды жылына бір рет жасап тұрсаңыз жеткілікті.
Бауырды тазалау
Бауырдың саулығын қадағалау мақсатында, өттің(запыранның) тұрып қалуына жол бермеңіз. Ол үшін бауырдағы өт жолдарыңыз таза болуы қажет. Бұл жолдармен бауырдағы қақтар, токсиндер, басқа да ағазаға қажетсіз ыдырауға түскен заттар жүреді.
Бауырды таза ұстауға керек бірден бір дұрыс нәрсе зәйтүн майы. Жақсы өт қуалағыш. Тек таңдау кезінде назар аударатыныңыз этикеткасында Extra Virgin белгісінің болуы. Яғни, зәйтүннің балдыр күйіндегі алғашқы сығымы болғаны дұрыс. Себебі бұл майдың басқаша әдістермен алынатыны белгілі.
Күнделікті ашқарынға 1 ас қасық зхәйтүн майын 1 ас қасық лимон шырынын қабылдап тұрыңыз.
Бұл қоспаны күніге қабылдасаңыз – бауырыңыздың саулығына қам жемесеңіз де болады. Кәдімгі тамақ ретінде де пайдасы бар. Іш қату, артық салмақ сияқты мәселелердің бірден бір шешімі осы әдіс.
Бүйректі тазалау
Бүйрегімізді тазалауға мүкжидекті(клюква) немесе итбүлдіргенді(брусника) қолданған дұрыс. Мүкжидек – нағыз табиғи антибиотик. Сонымен қатар өте күшті зәрайдағыш, бүйректі құм немесе тас байланудан сақтайды, несеп жолдарын тазалап қабыну зардаптарын емдейді. Ағзамыздағы бактериялар мен ауыр металлдардың тұздарынан тазалайды.
Итбүлдіргеннің де пайдасы тура мүкжидектікіндей. 3 кг мүкжидек немесе итбүлдірген алып (1,5 кг нан екеуінде алсаңызда болады) мұздатқышқа салып қойыңыз. Тек үсітіп алмасаңыз болды.
Күнсайын 1 стакан аталмыш жижектен жеп отырсаңыз болғаны, қышықлдау болса бал немесе қант қосыңыз. Тазалаудың бұл түрін жылына 2-3 рет жасап отырсаңыз болады.
Өкпені тазалау
Шыршаның жас бұтақшалары қолданылады. Қылқанжапырақтылардың күшті дезинфициялық мүмкіншіліктері белгілі. Бұларда болатын эфир майларының қақырықты жақсы сұйлтады. Сонымен қоса бұл емнің әсерінен бронх пен өкпедегі қақ пен ауыру тудыратын заттар жойылады.
Шырша бұтақшаларын май-июнь айларында жинау керек. Жылған жас бұтақшаларды бір немесе екі литрлік банкіге қант араластырып басып тастаңыз. Ққпаған жауып тоңазтқышқа салып қойыңыз. Үш аптадан кейін шырша жасыл түсті шырын бөледі. Сүзіп алып тоңазтқышқа салыңыз да күн сайын бір ас қасықтан үш рет қабылдаңыз. Жылына бір рет жасап отырғаныңыз дұрыс
Қанды тазалау
Ерекше ұтымды тәсілі сәбіз шырынын ішу. Күніне бұл шырынды 0,5 кеседен үш рет ішуге тырысқан жөн. Әрине өзіңіз даярлағаныңыз дұрыс. Қызылша шырыны да қанды жақсы тазалайды. Тек, бұл шырынның өңеш пен қолқаны қамап қалып түйілуге немесе қақалуға душар қылатындығын ескереу керек. Сондықтан міндетті түрде сәбіз немесе алма шырынмен араластырып ішкен дұрыс(1 бөлік қызылша+3бөлік сәбіз немесе алма). Бұл шырынды жарты кеседен күніне үш рет ішіңіз. Емделу мерізімі бір ай. Жылына бір рет.
Дереккөз: https://halykemi.wordpress.com/