Үсіп қалған жағдайда нені білу керек?


Қыс айы басталды. Елдің басым бөлігінде аязды күндер жалғасып жатыр. Наурызға дейін адамдар үсік шалу қатерінен құтыла алмайды. Сол үшін қажет болған жағдайда мынаны естен шығармаған жөн. Ең алдымен үсік шалу белгілері бар адамды жылы жерге жатқызып, аяқ киімі мен қолғабын шешу қажет. Сосын жедел жәрдем қызметкерлеріне хабарласқан жөн.

    Үсік шалған кездегі қайдай алғашқы көмек берген дұрыс?

  •     І дәрежелі үсік шалғанда суықтаған тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жақсылап уқалау керек. Содан соң үрлеп, жүн матамен жылытып, үсіп қалған тұстың бәрін матамен таңып қойған дұрыс.
  •    ІІ-ІV дәрежелі үсік шалғанда жылыту, массаж, уқалау әдістерін қолданудың пайдасы жоқ.
  •    Үсік шалған жерге жылу өткізбейтіндей етіп дәке таңу жақсы көмектеседі. Дәкенің үстінен бірнеше матаны жауып қоюға болады.

   Үсік шалғанда не істеуге болмайды?

  • Үсіп алған адамды жылыту оймен арақ-шарап ұсынуға болмайды.
  • Зақымданған жерді қармен, маймен, спиртпен уқалауға рұқсат етілмейді.
  • Ыстық ваннаға да түсіру де зақымданушының денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
  • Науқасты жылыту мақсатында жанып тұрған оттың жанына жатқызуға да рұқсат жоқ.