Көп жағдайда дәрігерлік қызметті кез келген адам таңдай бермейді. Күрделі мамандықтың қыр-сыры молдығымен қатар, жауапкершілігі де аса жоғары. Жасан Зекейұлы медицина саласының қиындығына қарамастан, денсаулық сақтау саласына зор үлес қосып келе жатқан білікті маман. Жалпы медицина саласы – еліміздің дамуында жетекші орынға ие екенін ескерсек, осы ретте дәстүрлі ем бойынша көшбасшыға айналған Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығы және оның Бас директоры Жасан Зекейұлы қашанда зор құрметке лайық. Бүгін осы ардақты азаматтың туған күні.
Құрметті Жасан Зекейұлы, сіз тәуелсіз қазақ елінің қалыптасу тарихына ұзақ жылдар бойы нәтижелі еңбек етіп, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қайраткер тұлғасыз. Сіздің сан-салалы еңбек тәжірибесіне толы, өнегелі өміріңіз бүгінгі жастарға үлкен ғибарат. Сондай-ақ сіз халқымыздың рухани саулығы мен медициналық даму жолында да қарымды еңбек ете білдіңіз. Денсаулық сақтау саласы бойынша бірқанша сүбелі еңбектер жаздыңыз. Ұлт саулығы ісінің сапалық деңгейiнiң жақсаруына да күш-жігеріңізді аямай, неше дүркін халықарлық конференциялар өткіздіңіз. Қосымша халықтың әлеуметтік, рухани, қоғамдық мәселелеріне де бейжай қарамай, әрдайым атойлап алда келесіз. Осындай сүбелі еңбектеріңіз халық жадынан ешқашан тыс қалған жоқ. Ел іші-сыртындағы беделді ұйымдардың, ЖОО-ның марапаттарына, құрметіне иесіз. Қаламыңыздан туған әрбір ғылыми еңбек болашақ үшін мәңгілік құнды мұра болары анық.
Құрметті Жасан Зекейұлы, бүгінгі төл мерекеңіз мерейлі, құтты болсын! Ағалық, даналық кемел жасқа иек артқан бүгінгі күнде, халқыңызға бергеніңізден береріңіз көп екені шүбәсіз. Отбасыңыздан береке, өміріңізден мереке кетпей, ұзақ ғұмыр сүріп, ел алдында мерейіңіз арта берсін!
Құрметпен,
Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығының ұжымы
https://www.facebook.com/profile.php?id=100007837772425