Ұйықтататын дәрілер миды демалтпайды


   Ғалымдар ұйықтататын дәрілер миды терең ұйқыға жібермейтінін анықтады.

   Ал терең ұйқы – ағза токсиндерді тазартатын негізгі кезең. Егер ұйықтататын дәрі ішсеңіз, ұйқыңыз жеңіл-желпі болады, нәтижесінде миды тазарту тиімділігі 30-50%-ға төмендейді.

   Бұл – миға «қоқыс» жиналып, зиянды салдарға әкелуі мүмкін деген сөз. Сондықтан ұйықтау қиын болса, алдымен табиғи жолдармен ұйқы сапасын жақсартуға тырысыңыз: медитация, режимді реттеу, дұрыс тамақтану және т.б.