Дәрігер құйрық майдың пайдасы жайлы айтты


   Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында құйрық майдың пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

   Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова қазақ халқы бұрын құйрық майды жеп те, ішіп те, тіпті, онымен баланың терісін сылағанын айтып, оның құрамына тоқталды:

 

  • Құйрық майдың құрамы ағзаға пайдалы амин қышқылдарына, А, Е, В дәрумендер тобына бай.
  • Сондай-ақ оның құрамында мырыш, селен, фосфор, натрий, магний және өзге де ағзаға аса қажет минералдар бар.

Дәрігердің айтуынша, құйрық майдың мынадай пайдалы қасиеттері бар:

  1. Асқазан-ішек жолдары қызметін дұрыстайды;
  2. Жаңа гормондар түзеді;
  3. Өтті сұйылтады және өттің жақсы бөлінуіне көмектеседі;
  4. Ерлердегі белсіздік ауруының алдын алады;
  5. Дәрумен жетіспеушілігін болдырмайды;
  6. Жүйке жүйесіне пайдалы, агрессияны басады;
  7. Асқорытуды жеңілдетеді;
  8. Қанайналымды жақсартады;
  9. Ағзадағы токсин, шлактарды шығаруға күш салады;
  10. Теріні үлбіретеді, құрғап, жарылудан қорғайды.