Жусан — киелі өсімдік. Жусанның бірнеше түрі бар: ақ жусан, қара жусан, дәрмене жусан, тықыр жусан, арқар жусан т.б. Арасында улы (таврий жусаны ) да кездеседі, оны жүй жануарлары да жемейді.
⠀
Дәрмененің емдік қасиеті:
⠀«Ермен жеген ер өлмес» деген сөздер жусанның емдік қасиетін айқындай түседі. Қазақша «дәрмене атауы «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді.
⠀ Ертеде аналарымыз құяң (радикулит) ауруымен ауырған адамның белін керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен 7 күн сипалаған. Сол арқылы белінен тұра алмаған адамды емдеп жазған.
⠀ Демікпеге шалдыққан адамға қара жусанның сабағының түтінін күніне 2 мезгіл иіскеткен. Ащы тіс өпкедегі құртты өлтіріп, тынысын ашатын болған.
⠀ Иммунитет көтеруде: 500 гр жаңа кесілген жусанның сөлін грек жаңғағымен араластырып ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір асқасықтан күніне үш мезгіл 1 ай ішу керек.
⠀ Демікпеге жас жусанды езіп шырынын күніне үш мезгіл 5 гр ішуге болады.
⠀ Жусан өсімдігін көбінесе үйге іліп қойған. Себебі үйде тұтынатын заттарға: тұскиіз, кілем, құндыз бөріктер мен тондарға көбелек құрттары түспеуі үшін.
⠀ Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Жүрегі қысылып, лоқсұған кезде бірден жусанды иіскетеді екен.
⠀ 1 ас қасық жусанды 1 стақан суға 20 минут тұндырыңыз. Содан соң сол тұнбамен аузыңызды шайыңыз. Ауыз қуысындағы бактериалды жояды, стоматиттің алдын алады.
⠀ Қазіргі аяқ киімдердің ішінен иіс шықпас үшін аяқ киімнің ішіне күнде кешке жусан салып қойыңыз. Ылғалданудан, қатты иістенуден сақтайды.
⠀ Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. 1 шай қасық үгітілген жусан жапырағын 1 стақан қайнаған ыстық суға саласыз. Тұндырып жарты сағаттан соң сүзесіз. Тамақтың алдында 1 сағат бұрын күніне 3 мезгіл 1 үлкен қасықпен ішесіз. Осылай 15 күн емделесіз. Іштегі құртты түсіретін мықты ем.
⠀ Бұрын үйге бүрге, құмырсқа толып кетсе, жусанды қайнатып, соның суымен жуатынбыз. Содан кейін ешқандай жәндіктер үйге жоламайтын. Қазір де қала үйлерінде тарақан көрінсе, кілемнің астына жусан саламын.
Дереккөз: https://martebe.kz/
