Жас-Ай журналының жаңа саны жарық көрді


  Құрметті оқырман, 15 жылдан астам уақыт тек қана ана тілімізде, салауатты өмір салтын насихаттап, халыққа ауырмаудың жолын көрсетіп келе жатқан бірден-бір медициналық басылым, Жас-Ай медициналық ғылыми-сараптамалық журналының кезекті №4,№5  екі саны қатар басылып шықты.

   Журнал әуелден ұлттық медицинаның қазақ өмірінде атқарған рөлін, бүгінгі заманауи медицинамен өзара айырмасын, күнделікті өмірде қолданылу тиімділігін жазып келеді. Шынында да халқымыз басынан өткерген көшпелі, жаугершілік заманда халық өмірін аман сақтап келген дәстүрлі ем өнері ұлттық жауһарымыз екені анық еді. Ал бүгінгі қоғамда заман талабына сай түрленіп, кемелденіп, тіпті де оңтайланып күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданылып жатыр. Журналдағы «Пайдалы кеңес», «Білгенге маржан», «Керек кеңес» айдарлары сөзімізге дәлел. Сонымен қатар, журналада бас редактор Жасан Зекейұлының да ғылыми, сараптамалық, танымдық мақалалары үзбей басылып отырады. Журнал барша қазақ тілді оқырмандарға арналған. 2026 жылға кез келген Казпочта желісі арқылы жазыла аласыздар.

   Тел: 8777 232 18 71/ 8708 222 89 71. Сайт: www.zhasai.kz.  Инстаграм: Zhasai_almaty. Ютуб: Zhasai medical