Ағзадан қан алу дәстүрлі ислам медицинасының амалы. Хиджама аль-хаджм деген түбірден шығады, «Сору» деген мағнаны білдіреді. Суда, ауада, тағамда алуан түрлі зиянды заттар, сондай-ақ химиялық препараттар адам организміне залал келтіреді. Организмді тазартудың осы тәсілі бүгінгі таңда да сұранысқа ие болып отыр. XV ғасырда Өтейбойдақ Тлеуғабылұлы «Шипагерлік баян» деген өз кітабында: « Ағзадағы ауа райының маусымдық өзгерістері әсер етеді. Организмде қайта құру үрдісі жүріп жатқанда қан құрамы өзгереді және жаңарып та тұрады. Организмге залал келтірмеу үшін одан ластанып, тұрып қалған қанды аластату қажет
Ұсынылатын амал: тері аздап қана тілімделеді, банка арқылы сорғышталады. Хиджама - бүкіл әлемде қолданылатын сауығу жүйесі болып табылады. Хиджама барлық санитарлық ережелерді қадағалайтын бірден бір таза медициналық жүйеге жататын тәсіл. Хиджама тәсілімен емделгісі келетін адам алдымен Аллаға ауруымды жаза гөр деп жалбарынады. Мұндай ем алуға жас шектелмейді. Осындай емді 2 жасқа келген балаларға да тағайындауға болады. Хиджама аш қарынға жасалады. Егерде қажет болса, хиджама бойынша қан алуға деген арнайы дағдылары бар маманнан ем алыңыз.
Арнайы медициналық құрал-жабдықтар болған тұста ем бір сағат ішінде алынады. Қан алудың екі түрі бар: а) ауруды емдеуде қолданылатын хиджама; б) аурудың алдын ала алатын хиджама. Осындай ем алғаннан кейін душ қабылданбайды, спортпен шұғылданбайсыз, қол еңбегімен айналыспайсыз. Бұдан басқа спирт ішімдіктерін ауызыңызға алмайсыз. Есіңізде болсын: арақ-шарап организмдегі қанды қалпына келтіре алмайды. Хиджама амалын қолданған соң екі күн бойы дем алу және денеңізді жылы ұстау ұсынылады. Осы емнен кейін ағзаға пайдалы жемістерді және көкөністі (хурма, гранат, қызылшадан жасалған салат және т.с.с) жеу керек.