«Жас-Ай» медицина орталығында бет, қол және мойынды кәсіби тиімді күту амалдарымен қамтамасыз ететін білікті мамандар жұмыс істейді.Терідегі қара нүктелерді, ала дақтарды аластатады. Емдік бетперде (маска), табиғи қоспалар бөлшектерінен тұратын крем қолданылады. Жұрт кәртайғанда немесе ауырғанда әжім түседі деп ойлайды. Шынтуайтында, әрбір бетке түскен сызық-ішкі органдар функцияларының әлсіреуінің белгісі. Егерде асқазан ауырса, бауыр және бүйрек әлсізденсе, тері қатпарлана береді. Әдетте әжім түсуіне себептер көп. Организм сусыздана бастаса, тері тітіркенуі, қабынуы, қышуы және аса сезімтал болуы мүмкін. Тіпті кей ауыр тұстарда тері қызарып жарықтанады. Су жетіспеушілігі де әжім түсіреді. Сондықтан да теріні қалпында ұстау үшін, суды көбірек ішу керек болады. Шығу тегіне орай әжім әр түрлі болады. Ылғал тапшылығынан түскен әжім тұрақтамайды. Егерде тері ылғалдылау болса, бет сызықтары жоғала бастайды. Ал егерде қажет терапевтік шараларды қолданбасаңыз, әжім тұрақталады. Тері икемділігі кетеді, бет бұлшық еттері серпінділігінен ажырайды. Ішкі органдар функцияларының әлсіреуінен немесе қолайсыз ауа райы жағдайларынан әжім тереңделе бастайды.Сәйкесінше терінің қалпына келу және әжімді аластату мерзімі созылады. «Жас-Ай» медицина орталығында бетке көрсетілетін дер кезіндегі күтім әжімді недәуір азайтады және оның алдын алады. Біраз жұрт әжімнен біржолата құтылу үшін пластикалық хирургияға не бағасы қымбат дәрілерге жүгінеді. Алайда ішкі органдар функциялары қалпына келмесе, әжімнен құтыла алмайсыз, тіпті, сайып келгенде, сипаты ауыр кеселге тап болуыңыз мүмкін.
Ине терапиясы- қандай болмасын әжім түрлері үшін жалғыз табиғи операциясыз ем. Ине салудың көптеген артықшылықтары бар, бет ықшамдалады, жасартылады. Өте жеңішке инелер күдікті ыңғайсыздық тудырмайды, қайсыбір пациенттер иненің тері астына кіргенін сезбей де қалады. Акупунктура арқылы бетті ықшамдау, тарту тиімділігі жағынан пластикалық хирургия әсерімен салыстырса да болғандай – мынаған айрықша тоқталса да болады: ине организмге еселенген әсер етеді, әрі денені босаңсытады, қанағат сезімін тудырады, күйзелістен, кернеуден босатады. Ең бастысы – терінің қорғаныс қабілетін күшейтеді.Осы мезетте косметолог емдеу маскаларын салу, уқалау сияқты басқа да ем шараларын өткере береді. «Жас-Ай» Тибет терапиясының косметологиядағы тиімділігі жоғары тәсілдерін қолдана отырып, қандай болмасын жастағы әйелдер үшін сұлулық орталығына айналды.