Қазақ дәрігері еуропалық медициналық бірлестіктің Құрметті докторы атанды

Медицина ғылымдарының докторы, профессор  Жасан Зекейұлы еуропалық бірлестіктің құрметті докторы атанды. Ол халықты Тибет медицинасымен емдейді. Жеке орталығы да бар. Еуропа және Азияның үздік дәрігерлері мен сарапшыларын марапаттау Швейцарияның Люцерн қаласында өтті. Жасан Зекейұлы емдеу әдісінде шығыс тибет медицинасын қолданады. Бүгінде ол басқаратын «Жас-ай» орталығына келетін көпшіктің қарасы қалың. Қазіргі уақытта  бұл мекеме өз елімізде ғана емес, шет мемлекеттерге де жақсы таныс. Өткен жылы клиника әлем бойынша үздіктердің қатарынан орын алды. Ал, биыл оның жетекшісіне  «Құрметті доктор» халықаралалық наградасы табысталды. Денсаулық сақтау саласының үздігі Жасан Зекейұлы 50-ге жуық ғылыми еңбек пен бірқатар медициналық патенттің авторы. Қоғамдық, қайырымдылық шараларымен де тұрақты түрде айналысады.   Жасан Зекейұлы, медицина ғылымдарының докторы:  - Адамның жасын ұзартуға қатысты тақырыбымыз комиссия мүшелерін қатты қызықтырды. Біз ұсынған магниттік сағат адам организмін 15 жылға жасартуға болатындығын дәлелдеді... Бүгінгі күнге дейін 80 мың адамды емдедік. Соның 70,80,90, пайызға дейін жазылып кетуі әлемнің үлкен қызығушылығын туғызып отыр. Еуропалық сарапшылар қазақстандық дәрігердің кәсіби біліктілігін жоғары бағалады. Оның емдеу тәсілдеріне қызығушылық танытып, байланыс орнатуға ниет білдірді.   Джон Неттинг,  Еуропалық бизнес ассамблеясының бас директоры:  - Жасан Зекейұлының осы байқауға қатысып, үздіктердің қатарынан көрінгеніне қуаныштымын. Еуропалықтар үнемі таланттарды іздеп, тауып, оларды ынталандырып отырады. Ал, біздің әріптестеріміз Қазақстанда жұмыс істегенді қалайды. Және ол жақтағы мамандармен бірлесе отырып, медицинаның дамуына үлес қосуға әркез дайын.  Винценсо Костиогла, Еуропа медицина қауымдастығының президенті:  - Қазақстан – экономикалық даму жолына түскен мемлекет .Оны бұл елге келіп жатқан инвестиция көлемінен байқауға болады. Мемлекеттің гүлденуі  отансүйгіш,бастамашыл, үнемі ізденіс үстінде жүретін адамдарының арқасы деп білемін. Дәл сондай жандар медицинамен айналысса тіпте керемет дер едім. Бастысы-денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызмет жоғары сапалы болу керек. Еуропа медицина қауымдастығы басшысының айтуынша, Қазақстан мен Еуропалық одақтың мүмкіндігі зор. Ол жақын арада арнайы Астанаға келіп, әріптестерімен кездеспек.  Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/185443-aza-d-rigeri-europaly-meditsinaly-birlestikti-rmetti-doktory-atandy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz