Халықаралық «Жас-ай» медициналық орталығы атақты «Сократ Альманахы» журналында таныстырылды


Жылына 2 рет қана жарық көретін «Сократ альманахы» журналының биылғы жылғы 1- саны «Халықаралық үздік клиника» атағын иеленген «Жас-Ай» халықаралық медициналық орталығына, оның басшысы – Жасан Зекейұлына арналды. 
Жасан Зекейұлы өзіне арналған ОКСФОРД Академиялық Одағының және Еуропалық Халықаралық Ассциациясы тарапынан шығатын, Еуропада кеңінен танымал «Сократ альманахы» журнал редакциясына Елордамыз туралы жан-жақты тарихи, саяси таныстырылым жасауды ұсынды. 
Бұл «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізіп, бүкіләлемге танымал болған Елордамыздың 20 жылдығына жасаған Жасан Зекейұлының ерекше сыйы болды! 
Бас архитекторы – Елбасымыздың өзі болған Бас қаламыз – Астанамыздың тарихи ғажайыптарға тұнған ескерткіштері, заманауи сәулет құрылыстары, қайталанбас ғимараттары шетелдік оқырмандарға ағылшын тілінде таныстырылды. Саяси-мәдени орталығымыздың жаңғыру, даму, өркендеу, үздіксіз жетілу жолы баяндалды.
Отанын шынайы сүйген әрбір азамат Жасан Зекейұлының бұл бастамасынан үлгі алса нұр үстіне нұр болар еді. Еуропа кеңістігінде үлкен тиражбен жарық көретін басылымға шығу, өз Елордаңды, өз тарихыңды, өз жетістігіңді әлемге жария ету түптеп барғанда бүтін ұлттың қуанышы. 
Сондай-ақ, ғалым Жасан Зекейұлының жетістіктері, халықаралық «Жас-Ай» орталығының ем түрлері, ғылыми жаңалықтары толық жарық көрді. Журналды қолына алған әр шетелдік оқырман Қазақстан-Астана туралы бай мағлұмат алып, үлкен таным қалыптастыра алады.
Конференцияның жарқын сәттерінің бірі басылымның таныстырылуы мен табысталуы болды.