Шығыс медицинасында белсенді нүктелерге жасалатын амалдар мен байланысты емдеу әдістері кеңінен қолданылатын болған. Әрине, олар көзге көрінбейтін, осы бүгінге дейін анықталып болмаған арналармен, меридиандармен, желілермен қозғалатын өмірлік қуат туралы түсінікке негізделген. Өмірлік энергия бір арнадан екіншіге барып айналып тұрады. Бұл қозғалысты сағат тілінің айналсоғымен салыстыруға болады.
Әр арна ұдайы қажет қорегін алып тұрса, онда организмде саулықтан хабар беріп тұратын тепе-теңдікті білдіреді. Ал адам ауырып қалса өмірлік « қуат толқынының көтерліп» соғылу реті бұзылады- ол басқа бір органда көп болса, өзге бір органда оның жеткіліксіздігі байқалады. Бұл теорияның биоырғақпен жанасатыны дәлелденген, биоырғақ уақыты есепке алынып отырады.
Ежелгі шығыс түсініктеріне сай табиғаттағы бар әлем кері «инь» және оң «янь» болып бөлінеді. «Инь» -бұл теріс кәдуілгі, өзгеріп тұратын, қабылдауға бейім болатын, қараңғы, сылбыр болып келетін аналық бастауға тән, жағымсыз ұғым. Адамның ауыр жағдайының белгілері- көңіл күйінің болмауы, бет әлпетінің бозаруы, көз нұрының кете бастауы, әлсіз сөйлеуі, қимыл-әрекет бәсеңдігі, қарлығып жөтелуі, тамаққа деген тәбеттің болмауы, нәжістің сұйылуы, ыстық тамаққа деген ынтасы, қақсау сипатындағы тұрақты ауырсыну, аяқ-қолдың суый беруі, ентігіп дем алуы