«Простота - это знак славы».


«Жас-Ай» медициналық орталығы туралы телеарнадан көрген соң, профессор Жасан Зекейұлының қабылдауына келуді ұйғардым. Диагнозым – қолқаның қабынуы (обструктивный бронхит). Көп жылдан бері мені әсіресе, көктем, күз мезгілдерінде қатты мазалайтын. Емге келгеннен кейінгі бірінші күннен бастап дәрігерлер мен мейірбикелердің ыстық мейіріміне тәнті болдым. Адамдармен етене тіл табысып, ешкімді ренжітпейтін бауырмал екендіктері бірден байқалады. Бұл жерден дертіңнен құлан-таза айығып шығатыныңа бірден сенімді болады екенсің! Бас дәрігер, профессор Жасан Зекейұлы туралы айтар болсам, ол кісіні бір көргеннен қуат аласың. Оның қарапайымдылығына тәнті болдым. «Ұлық болсаң, кішік бол», «қарапайымдылық – ұлылықтың белгісі» дегендей, өресі биік адамдар ғана осындай болады ғой деген ой келді. Жасан Зекейұлы қазақ ұлтының денсаулығына ерекше мән беретіні – кез-келген науқаспен қалай әңгімелесетінінен-ақ байқалып тұрады. Бойынан отанына, халқына деген патриоттық сезім байқадым. Оның көздегені – өз қалтасының қамы емес, қазақ халқының, ұрпағының аман-саулығы болса керек. Ал, мұратқа дені сау ұрпақ қана жететіні белгілі.

Міне, осындай үлкен жүректі азаматқа, ол басқарған орталық қызметкерлеріне өз атымнан шексіз алғысымды білдіремін! Еңбектері жана берсін! Ұлтының денсаулығына өз үлестерін қосып, тәуелсіз елімізге адал еңбек ете отырып, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер дегім келеді!

Ізгі ниетпен,
Шаңғұтова Базар,
Ақтөбе қаласы