Есть гражданин Жасан, приходи к "жас-ай"!


«Қайырымды бол, мейірімді бол» – деп жазылған Құранда, Құнды сол, қасиет бар-ау, Жасан, сенің бойыңда.
«Халқым» деп, жаны ашыған бар қазаққа,
Сендей адам, көп болса екен ортамызда.
Емшілік бар бойында атасынан дарыған,
Ниеті жақсы адамды Алла әр кез қолдаған.
«Тигізсем» деп, пайдамды өз халқыма,
Білім алып шет жерден, өз еліне оралған.
Пенде болып туған соң, ауырмайтын адам жоқ,
Ауруға шипа берген, дәл Жасандай емші жоқ.
Шипа дарып бойларына айыққандар өте көп,
Риза болған адамдардың алғысының шегі жоқ.
Емі тұрмақ сөзі шипа, ауырып келген адамға,
Ерекше бір қамқорлықты көресің келе «Жас-Айға».
Инабатты, ілтипатты қасындағы жандар да,
Бәрі жабылып емдегенде ауру қалмас бойыңда.
Отаны мен халқының қадірін білген азамат,
Өз еліңнің құрметіне бөлене берші, алғыс ап.
Қолдасын сені жаратқан, жақсылыққа Алла жақ,
Абыройың тасып ел алдында, жұлдызың жансын жарқырап!

Әлия КӘРІМҚҰЛҚЫЗЫ,
Алматы қаласы