Сын нации


Қазақстанда Шығыс медицинасының сара жолын салып, 22 жыл ішінде отан алдындағы перзенттік парызын толық өтеп, бар қажыр-қайратын халқының денсаулығына арнаған Жасан Зекейұлына қандай құрмет болса да артық емес еді.

Сан мыңдаған жанның тағдырына арашашы, жанына медеу болып келе жатқан, ел жүгін арқалаған нар тұлғалардың ізі қалып, ақ батасы дарыған құтты ордасына алдымен ақ жүрегін арқалап анасы жетті. іркес-тіркес туыс-туғандардан тартып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қайраткерлері, академик, профессорлар да ат басын тіреді. Ананың ақ батасы, ықыласымен басталған мереке өнер жұлдыздарының ән шашуымен жалғасты. Әдемі ақ тілектермен қоса, Жасан Зекейұлына бағалы сый-сияпаттар жасалды.  "Қазақ радиосы",  "Ана тілі", "Алматы ақшамы",  сынды бұқаралық ақпарат құралдары арнаулы құттықтаулар басты. Бір өзі бір академияның жүгін мойнына алып, толассыз еңбек етіп жатқан толағай тұлғаны төл мерекесімен құттықтаймыз. Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын!

"Жас-Ай" медицина орталығының ұжымы